Қаһарман кейіпкерлер қызыл кілемде! Әлемді жауыздардан құтқарған батырлар, тынымсыз еңбегінің жемісін дәл осылай көруде. Лос-Анджелесте «Лига справедливости» картинасының тұсауы кесілді.
Бэтмен, Чудо-Женщина, Аквамэн, Киборг пен Флэш басты рөлді сомдайтын аталмыш картинада, «Супермен төбе көрсетеді ме?» деген сауал көптің көкейінде жүрген еді. Премьераға қатысқан актер Генри Кавиль, бұл сұраққа жауап берді.
Генри Кавилл, актер:
-Мен сомдаған «Суперменнің» керемет кейіпкер екенін айтқым келеді. Ол мінсіз. «Супермен» соңғы картинада көз жұмғаннан кейін, өзге қаһармандар барынша рухтана түскен.
Фильм сюжеті бойынша, Бэтмен бастаған бір топ батыр, әлемді құтқаруда дәрменсіздік танытады. Дәл сол сәтте «Суперменнің» қайта оралуы бек мүмкін. Отандық көрермен, туындыны 16-шы қарашадан бастап үлкен экрандардан тамашалай алады.