Қайрат Нұртастың жұбайы жұрт назарына шыққанға дейін, 10 жыл құрбыларына қатаң талаптар қойып келген. Яғни, суретті инстаға салмайсың, мен туралы жазбайсың... Бұл жайында Жұлдыздың жақын досы Салтанат Бақаева айтып берді.
Жұлдыз бен Салтанаттың таныстығы осыдан 10 жыл бұрын театр қабырғасында бастау алған. Әбдікәрімова тұрмысқа шығып, отбасылық өмірді таңдаса, Бақаева актрисалық мансап жолында кетеді. Қос құрбының қарым-қатынасы бұған дейін еш үзілмегенімен, бірге түскен суреттерін желіге жүктеуге рұқсат болмаған...
Салтанат Бақаева, әнші, актриса:
-Талап сондай болды. Кейде білмей салып қойып, кейде өшіретін де сәттер болған. Ондай көп болды. Ол кезде мысалы, Жұлдыз өзін афишировать еткісі келмеді.
Жұлдыздың инста парақшасына бір айдың ішінде 317 мың оқырман жазылған. Салтанаттың сөзінше, бүгінде танымалдығы күн санап артып келе жатқан Әбдікәрімованың, ел алдында емін-еркін жүріп-тұруы қиындаған.
Салтанат Бақаева, әнші, актриса:
-Жай жүруге де мүмкіндік жоқ. Егер осындай танымалдылық сол кезде болса, ол өзі қарапайым өмір сүре алмай қалатын ба еді деп ойлаймын. Өйткені, қазірдің өзінде онымен бірге жүру, былайша айтқанда сабырсыз халық кәдімгідей көңіл бөледі оған.
Танымалдықтың тәтті дәмін татқан Жұлдызға, өміріндегі өзгеше құбылыс қаншалықты әсер етуде?! Құрбысынан сұрап көрдік...
Салтанат Бақаева, әнші, актриса:
-Былайша адам ретінде мүлдем өзгерген жоқ. Ол Астанада тұрады. Міндетті түрде кездесуге тырысамыз, өте талантты қыз. Және оның жұмысын кинодан көрген соң, халықтың оған деген сүйіспеншілігі арта түсті деп өзім ойлаймын.