Алтынай Жолдыбаева отандық стилистердің трендтерден кенже қалғанына өкпелі!

Сообщить о проблеме с эфиром

Хейтерлердің кереғар пікірлеріне көміліп қалса да, Алтынай Жолдыбаева жеке образымен эксперимент жасаудан бас тартпақ емес.Бірақ, сылқым ойындағысын жүзеге асыруға көмектесе алмайтын қазақстандық стилистерге өкпелі.Әншінің өзі толығырақ айтып берсін...

Сүрме, қара қалам, көзге арналған лайнерлерді сатып алуда тосылмаңыз! Себебі, макияждың күз-қыс тенденциясы қабақтың айналасын қара түспен бояуды ұсынады!

Алғаш бұл тенденцияны «Balmain»-ның топтамасын таныстыру кезінде, Джиджи Хадид подиумға шығарғанды. Алтынай Жолдыбаева осындай трендтерді бірден меңгеріп, қолданысқа енгізетін визажисттердің бізде жоқтығына қынжылады.

 Алтынай Жолдыбаева, «JayRun» тобының әншісі:

– Мейкап, хейр стилист немесе тағы да басқа стилистерге айтатыным. Кішкене фэшнге қарай бет бұру керек.

Шолпан Бейсенова, «Домино» тобының әншісі:

– Хайлайтерді мен тональный кремнің бір түрі деп ойласам. Хайлайтер деген мына жаққа жағатын, әдемі жылтырап тұратын зат екен ғой.

Кәсіби боянуды меңгерген «Доминолық» Шолпан, хайлайтердің құдіретін енді  түсіндім дейді. Бірақ, оны бұрынғыдай баттастырып жағу – артта қалды. Бүгінгі тренд – бет сүйектерін хайлатермен жәй ғана айқындап қолдану.

Әсем Жакетаева классикалық макияж трендтен түспейді деп отыр.

Әсем Жакетаева, актриса, әнші:

– Визажисттерге біз инстаграмда жазылудамыз. Көріп тұрамыз, қандай не мода боп жатыр. Басынан айту керек, сурет көрсетесіз ба, осындайды қалаймын, осындай макияжды деп.

Сондықтан, әр ару өзінің бет-келбетіне үйлесімді бояу түрлерін таңдауы тиіс дейді.