Жантүршігерлік оқиға жүрдек пойызда орын алған. Актермен бірге, бұл істе Пенелопа Крус, Мишель Пфайффер және Джуди Денч те болған көрінеді...
Лондонда әйгілі жазушы Агата Кристи романының желісі бойынша түсірілген «Убиство в восточном экспрессе» картинасының тұсауы кесілді. Аталмыш туынды, 1974 жылы таспаланған фильмнің ремейгі болып саналады.
Кеннет Брана , режиссер, актер:
-Фильм жаңа нұсқасы қызықты шығуы тиіс. Режиссер ретінде, ескі картинаның сюжетіне жаңашылдық енгізуге тырыстым.
Премьерада Джони Депп бастаған актерлер қауымы түгелдей төбе көрсетті.
Ал, шараға қара түсті әсем көйлек киіп келген Пенелопа Крусдың көркі көз сүріндіреді.
Қызыл кілеммен жүріп өткендер қатарында украиналық балет жұлдызы Сергей Полунин де бар. Бағы жанған 19 жасар өнерпаз, бұл күндері актер ретінде Голливудты бағындыруда..
Детективті драма желісі бойынша, жүрдек пойызда адам өлімі орын алады. Күдіктілер қатарында 13 жолаушы. Тек зерделі тыңшы, кәсіби біліктілігіне сүйеніп кінәліні табуы керек...
Көрермен қауым, көптен күткен «Убиство в восточном экспрессе» картинасын қарашаның 9-нан бастап үлкен экрандардан тамашалай алады.