Жұлдызды жұп Арман мен Аша, қыздары Асылымның бір жасар тойын атап өтті. Шоу-бизнестің ығай мен сығайларын жинаған кешке, жас отбасы әбден дайындалыпты. Бүлдіршіннің тұсауын Сәкен Майғазиевтің өзі кессе, жүргізушілік тізгінді Арман Дүйсенов қолға алған.
Алқызыл түсті көйлек, нағыз ханшайымның күймесі, әсем безендіру. Барлығы құдды бір ертегі әлеміндей. Жұлдызды жұп Арман мен Аша тұңғыштарының бір жасар тойын дәл осылай, ерекше өткізуді жөн санапты.
Аша Матай, әнші:
-Керемет дайындық болды. Өз тойымызда да бұндай дайындық болмаған сияқты. Әр ұсақ-түйегіне дейін ойладық. Қобалжып жатырмыз, той қалай өтеді деп. Себебі, үйреніп қалғанбыз ғой, ата-анамыз жасайды тойды.
Аша, тіпті, жұбайының көмегіне де жүгінбепті.
Арман Қоңырбаев, әнші:
-Менің жұмысым бұл жерде төлеу ғой. Ашаның фантазиясы, Аша жүгірді, бәрі ойлап тапқан, мына жерде небір әдемі стеналар. Бәрін бал ретінде өткізіп.
Шоу-бизнестің қаймақтарын бір шаңырақ астына жинаған бұл кеште – Жазира Байырбекова да қадірлі қонақтардың бірі. Осыдан екі жыл бұрын Аша Матайдың ұзатуында сыңсуды орындаған өнер иесі, енді Асылымның тойына да ән тартуын ала келіпті.
Жазира Байырбекова, әнші:
-Ия қазір Сәкен Майғазиев Тұсау кеседі, Қарақат екеуіміз жетелеп, мен ән айтып. Сол ұзату тойының арғы жағындағыларын жалғастырып жатырмыз ғой.
Тіл-көзден қорыққан Аша Матай, қызының жүзін бір жасқа дейін ешкімге көрсетпеген еді. Алайда, Айдана Меденова, Асылымды алғаш көргендерінің бірі екенін айтып қалды.
Айдана Меденова, әнші:
-Мен енді бір жасқа дейін көріп қойдым, өте әдемі тәп-тәтті балапан. Тек қана денсаулық тілеймін, ең бастысы. Жүзінен күлкі кетпесін.