«Очень плохие мамочки» картинасының екінші бөлімінің трейлері жарыққа шықты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жұлдызды әртіс болудың құны да қымбат. Мысалы, танымал актриса Мила Кунис, қашан болсын жұмысым деп сабылады да жүреді. Тұрмысқа шығып, балалы болған ол таяуда «Очень плохие мамочки-2» комедиясында бой көрсетті. Тынымсыз Мила, тіпті трейлерін де өзі таныстырған.

Отыздан асқан, қоғамды әлі де өгейсінетін бұл әйелдерді, күнделікті үй шаруасы мезі қылғаны қашан. Биылғы Рождество мерекесін жақсы қарсы алудың қамына қызу кіріскен үшеуі күтпеген оқиғаларға тап болады. Енді сағынып жеткен шешелері оларға өмір сүрудің заңын үйретуге көшеді.

«Очень плохие мамочки» картинасының екінші бөлімі де көрерменге ұнайды дейді Мила Ку́нис. Бұл жолы үш басты кейіпкер де ана болуға қамданады. Осы сәттегі үсті-үстіне үйілген мәселелер оларды шаршатты ма әлде ширатты ма?
 

 Мила Кунис, актриса:                                                                                  

  -Шынайы өмірде де мен стрессті ішімде ұстамауға тырысамын. Күйзелісімнің бәрін таңертеңгі жүгіру кезінде шығарамын. Тиісінше күні бойы мазасыз күйде жүрмейсің.

Аталмыш фильмде бой көрсеткен 71-жасар Сьюзан Сара́ндоның да өмірлік ұстанымдары өзгеше. Өзіне тән бұл энергиясы актрисаға рөлін сәтті сомдап шығуға көмектескендей.

Сьюзан Сарандон, актриса:                                 
-Біз күйбең тіршіліктің шеңберіне қамалудан қашуға тиіспіз. Мысалы, мен аулаға шығып көрші балалармен бірге ойнаймын. Өзгелер не ойласа да бәрі бір. Менің көңіліме жағады.

Жаһандық үлкен экрандарға жол тартқан «Очень плохие мамочки-2» комедиясын Қазақстандық көрермен 7-ші желтоқсаннан бастап тамашалайды!