10 жылдық есеп беру кешіне қызу дайындық жүргізіп жатқан Қапқарашка, тыңдармандарын тек тың тректерімен емес, дене-сымбатымен де тәнті қылуға тырысып бағуда...
Бір айдың ішінде 7 келіге арықтаған қара бала, уақытының басым көпшілігін спорт залда өткізіп жүр. Тіпті, Нұржан артық салмақтан арылу үшін, түрлі қадамдарға барғанын айтады. Мәселен, Ринголық Аян мен Керменбаевтың өзара бәсі, бәсекеге ұласып, әріптестер әжептәуір нәтижеге қол жеткізіпті.
Нұржан Керменбаев, әнші:
Сол досыммен екеуіміз былайша айтқан кезде жарыстық. Ол да бір стимул, ол да бір адамды қанаттандыратын мотивация. Сондықтан, ол досыма да рахмет жарысқаны үшін менімен. Ол да арықтап қалды, мен де арықтап қалдым. Ол киноға арықтады, мен концертте арықтадым.