Төрт жыл бойы халықтың алдына шықпаған Қайрат Түнтеков, үлкен камбэк жасауға белін бекем буған. Көзден таса болған әнші, енді қазақ әндерін шетелде танытуды ойлап жүр. Ол үшін Қайрат, тіпті туған жерін тастап, Америкаға қоныс аудармақ...
Тыңдарманын ерекше дауысымен қуантуды сиреткен Қайрат Түнтеков, сахнаға қайта оралды.
Қайрат Түнтеков, әнші:
-Сағындық Қайрат. Балам деп апалар жазып кетеді мысалы, сонымен кәдімгідей білдім халық ұмытпағанын, халық сағынғанын. Ойыма сол келді де, неге халық үшін шықпасқа, халықты сағындырдым қатты.
Өнерпаз, жеке әндерінің неліктен өте сирек жарық көретінін түсіндіре кетті.
Қайрат Түнтеков, әнші:
-Мен шығарсам болатын еді, на-на-на деп шығара салам. Күніне пачка-пачка өлеңдерді шығара беруге болады. Сөздің шыны керек. Бірақ менің ішкі дүнием ондай емес те көрдіңіз бе.
Қазақ шоу-бизнесіне көңілі көншімейтін Қайрат, шетелдегі халқаралық ән додаларына қатысу үшін қомақты қаражат керек дейді. Оның ойынша, дарындарға қол ұшын созып, қолдау көрсетер жомарт жандар жетіспейді.
Қайрат Түнтеков, әнші:
-Шоу-бизнес дамымағаннан кейін, бізде қызық емес те ақша салу, спонсорларға. Тек қана бизнеске салады, бизнес ақша алып келеді.
Қиындықтарына қарамастан үлкен камбэк жасауға бекінген орындаушы, жуық арада «Америка дауысы» байқауында ән шырқап жатса, еш таңқалмаңыз.
Қайрат Түнтеков, әнші:
-Кішкентай кезімнен осы мақсатым бар, Америкаға барып, жасым 58-ге келетін болса да, барамын да әйтеуір өзімнің атымды шығарамын сол жақта. Тек қана өзім-өзім деп жатқан жоқпын. Ондай емес менде, мен тұра бермеймін Америкада, өз елімде боламын. Бірақ қазақтың атын қатты шығарғым келіп жүр.
Одан бөлек, өнер иесі бірнеше тың туындылар жазып қойған көрінеді. Қатарға қайта қосылдым деген Қайратты, жаңа әніне сусаған тыңдармандары бары қуантады.