Рианна, Кайя Гербер, Джиджи және Белла Хадид! Сәнқой сылқымдар «The Fashion Awards -2017» жүлдесі үшін таласқа түседі!

Сообщить о проблеме с эфиром

Рианнаның көшедегі жәй серуені – папарацци үшін үлкен олжа! Себебі, сылқымның әрбір образын жұрт сағаттап талқылауға бар. Джиджи мен Белла Хадидтің де талғамы таңданыс тудырады. Сондықтан, Британиялық сән Кеңесі сылқымдарды сайысқа салды. Олар енді - «The Fashion Awards -2017»  атағына үмітті.

Кім үздік? Апалы-сіңілілі Хадидттердің қайсысы мықты екені – үнемі дау туындататын сауал!  «The Fashion Awards -2017» жүлдесі бұл сұрақтың ақыры нүктесін қоятын болар. Себебі, олар «Жыл сәнбикесі» атағына таласады. Бұған қоса, үміткерлер тізіміне Адвао Абоа, Кайя Гербер мен Винни Харлоулар енген.

«Calvin Klein» сәнгері Раф Симонс,  «Gucci» – дің өкілі -  Алессандро Микеле, «Dior» дизайнері – Мария Грация Кьюри,  «Loewe» брендінің креативті директоры  -  Джонатан Андерсон және  «Celine» үшін соңғы коллекция жасаған Фиби Файлолар «Жылдың үздік дизайнері» атағын сарапқа салады.
Христофер Кейн, Эрдэм,  Roksanda және Alexander McQueen сән үйлері «Үздік әйелдер бренді» жүлдесі үшін күрессе,Burberry, Крэйг Грин, Wales Bonner, және  Мартин Роуз «Басты ерлер бренді» атануға талпынады.

Рианнаға қай номинацияда бақ сынау бұйырды дейсіз ғой? Сылқымның Пумамен бірігіп жасаған тұңғыш аяқ киімдер коллаборациясы «Көшенің люкс бренді» атануға лайық деп танылған. Fenty Puma by Rihanna-ның қарсыластары қатарында Гоша Рубчинский, Vetements, Off-White жәіне Supreme брендтері бар.