Санаулы сағаттардан кейін «Астана» футбол клубы өз алаңында тель-авивтік «Маккабимен» бәске түседі. Елордалық аяқдопшылардың, бұл Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі биылғы алғашқы матчы. Букмекерлік кеңселер де, фоворит атағын қос команданың біреуіне басыбайлы бере салуға құлықсыз!
«Туған үйім – тас қамалым!» Өз алаңында 16 матч қатарынан жеңіліп көрмеген «Астана» клубы, Еуропа лигасының топтық кезеңінен ассақ деген тәбетін аңғартады. Былтыр Еурокубоктік іріктеуде «Қайратты» сүріндірген «Маккабиде» қазақстандық жанкүйердің кеткен есесі бар. Израильдік клубтан қарымта қайтарып, үш ұпай алуға елордалықтар мүдделі.
«А» тобында қос қарсылас қоржынындағы бір-бір ұпаймен, 3-4-ші орында тұр. Букмекерлік кеңселер елордалық клуб 1:0 есебімен жеңеді дегенге 6.70, тель-авивтік ұжымға 8.80 коеффицент беруде.
Бұл матч нәтижесі 1:1 болып аяқталады деушілер де жоқ емес. Дегенмен, топтан шығып талайды тамсандырсақ деген арман мен жанкүйерлер қолдауы «Астананы» алға жетелейтіні сөзсіз. «Маккаби» үшін сырт алаңда 1 ұпай алудың өзі ауадай қажет. Бұл бақ пен бап шабысында, ел командасы жеңісті уысынан шығармауы тиіс.