«Гарри Поттер» 7 миллиард доллар кассалық жиынымен рекорд жасаған тұңғыш, әрі әзірге соңғы киноэпопея! Поттер әлеміне деген қызығушылық еселенбесе, әлі бәсеңдей қойған жоқ. Сондықтан, осы сыйқырлы кинохикаяның шынайы артефактілері қойылған мұражай ашылмақ.
Хогвартстың тылсым әлемі толықтай ойдан құрастырылмағаны поттериандарға бұрыннан мәлім. Джоан Роулинг көбіне еуропалық фольклор мен ағылшындар дәстүрін, түрлі аңыздарды арқау етіп, қиялындағы ғаламды құрастырған. Яки, романда кезігетін сыйқырлы бұйымдар шынайы өмірде де табылады. Британиялық кітапханада жасалып жатқан көрмеге «Гарри Поттердегі» аталмыш артефактілер қойылыпты.
Джулиан Хариссон, «Гарри Поттер: сиқыр тарихы» мұражайының жетекшісі:
-17-ші тараудағы «Феникс Ордені» жайлы оқиға, осыдан бірнеше ғасыр бұрын кітап бетіне түсірілген. Мұражайда сол ескі қолжазба көрсетіледі. Философиялық тасты да қолмен ұстап көруге мүмкіндік бар. Расында, бұл дүние өмірде бар деп ешкім ойламаса керекті.
Айдаһардың сүйегі, су перісі, философиялық тас, қара шыны шар, тіпті жалмауыздарға тиесілі болған сыпырғы да назарға ұсынылады деп күтілуде. Иллюстрациялармен танысқанда Джоан Роулингтің өзі таңданысын жасыра алмаған. Көрме 20-шы қазанда келушілерге есігін айқара ашады.