Голливудтың танымал сұлулары ELLE: Women in Hollywood-тың марапаттау кешінде бас қосты. Алайда, жұлызды шараның әдеттегідей көңілді өтпегені байқалды. Тіпті, актриса Лейк Белл еш қымсынбастан әріптестері туралы бар шындықты жайып салды.
Киносаласына зор үлес қосқан актрисаларды марапаттау үшін, әйгілі Elle басылымы әдеттегі дәстүр бойынша, голливудтық сылқымдардың басын бір шаңырақ астына жинады.
Атаулы кеште төбе көрсеткен Дженнифер Лоуренс пен Марго Робби, жұлдызды қонақтардардың барлығын өз көлеңкелерінде қалдырғандай. Келбеті бір-біріне ұқсас қос сылқым, шараға да бірдей қара көйлек киіп келуді жөн көріпті.
Марго Робби, актриса:
-Апта жағымсыз жаңалықтарға толы болды. Дегенмен, дәл бүгінгі кеште бәріміздің басымыздың қосылғаны, әрқайсысымызға үлкен шабыт сыйлайды. Қазіргі заманның әйелдері – нағыз ер мінезді қайсар жандар дер едім.
Бұл басқосуда жұлдыздар, продюсер Харви Вайнштейнге қатысты голивудтық жанжалды қызу талқылады. Кезінде киномагнатпен бір түсірілім алаңда жұмыс істеген әріптестері, өз ойын ашық түрде ортаға салуда.
Лейк Белл, актриса:
-Мұндағы әйелдердің 99 пайызы зорлықтың құрбандары болған деп сенімді түрде айта аламын. Бұл, өмірде кең таралып жатқан қылмыстың бірі. Сондықтан, мәселені шешімсіз қалдырмауымыз тиіс.
«Звездные войны» картинасының продюсері, Кэтлин Кэннеди болса, бірден әрекетке көшкеніміз жөн дейді.
Кэтлин Кэннеди, кинопродюсер:
-Киноакадемияның мүшесі ретінде, зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы комиссия құрылуын қолға алдым.
Қысқасы, биылғы ELLE: Women in Hollywood марапаты өзгеше өтті. Бұл жолы бір-бірін құттықтаудың орнына, өзара мұңын шаққан лауреаттардың қарасы көбірек.