Тойымнан медиа-цирк жасамаңдар! Гарри ханзада неке қию салтанатын атойлап атап өтуге қарсы!

Сообщить о проблеме с эфиром

Патшалық отбасының тойға әзірленіп жатқаны мәлім! Дәстүрге сай Гарри ханзада мен Меганның кортежі Лондон көшелерімен жүріп өтіп, ағылшындар астанасының ең зәулім сарайында неке қию салтанаты өтеді деп күтілуде. Яки, бұл бүкіл Ұлыбританияға ортақ қуаныш болуы тиіс еді. Тек, Гарри ханзада мұндай «цирктің» ұйымдастырылуына қарсы. 

Ұлыбританияның тақ мұрагері, Меган екеуінің шаңырақ көтеру салтанаттарын тек ет-жақындары арасында, тып-тыныш қана өткізуді құп көреді. Жұрт анталай назарын аударғанда, Гарри өзін цирк сайқымазағы сынды сезінетінін  де жасырмады. Дегенмен, оның бұл қалауы патша отабысының байырғы дәстүріне мүлде қарама-қайшы. Сондықтан, отау тігу кешінің қандай сценариймен өрбитіні әзірге беймәлім.

«Ол – қатынға ұқсайды. Ал, мен нәзік жандыларға ешқашан қол көтерген емеспін.» Джастин Биберге тіс қайрап жүрген Мэрилин Мэнсонның бұл сөздері, екеунің арасындағы дауды өршіте түскендей. Бұған дейін, Джастин Мэрилиннің бейнесімен футболка шығарғанды. Дәл осы ісім, рокердің өшіп қалған атағын қайта жаңғыртты деп көкірек кергені тағы бар. Өзінен әлдеқайда кіші әншінің мұндай пікірін естіген Мэнсонның қаны басына шапты. Сондықтан да, ол Биберді ел алдында ауыр сөздерімен «сыбап», сырттай сазайын беретін әдіс тапқан.  

Жанжалдың көкесі Кардашьян – Дженнер отбасында болып жатқан сынды. Себебі, экс-келіндері оларды сотқа берген. Блэк Чайна бұрынғы қайын жұртым атыма күйе жағуын доғарар емес деп арыз берген. Ал, күйеуім маған кезінде тіпті күш қолданатын деп айып тағып отыр. Әзірге, Блэктің бұл сөздерін Кардашьян – Дженнер әулеті «шыбын шаққан құрлы» көріп отырған жоқ.