Мессидің Эквадор қақпасына соққан үш голы, Аргентина үшін 2018 жылғы Әлем чемпионатына жолдамаға айналды! Ресейде өтетін бұл жаһандық футбол додасына бару құқығын, сенсация жасап жаулап алған елдер де бар! Тарихын жаңғыртқан командалар туралы Серік Ноянбайұлы айтады!
Аргентина үшін Ресейде 2018 жылы өтетін әлем біріншілігіне жол салу оңайға соқпады. Олар сырт алаңда Эквадор құрамасынан 3:1 есебімен басым түсті. Жеңіске жеткізген Лионель Мессидің хет-тригі, оның командаластары мен отандастары үшін енді ұлттық мереке. Сонымен қатар, Оңтүстік америкадан Бразилия, Уругвай, Колумбия елдері жаһандық доп додасынан табылды!
300 мыңнан астам ғана тұрғыны бар Исландияның тағы да футбол естеліктерінде өшпес ізі қалмақ! Олар үйінде Косово құрамасын қабылдап, жауапсыз қос гол соғып жеңіс тойлады. Бұл басымдықтың арқасында, викингтер мелекет тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатына шығу мүмкіндігін иеленді. Исландия 22 ұпаймен өз тобында үздік атанған!
Тағы бір сенсация! Панамы ұлттық құрамасы да өз тарихында бірінші мәрте жаһандық мундиальдың топтық кезеңіне шықты. Олар өз алаңында Ресейдегі әлем чемпионатына апаратын шешуші ойында, Коста-Рика аяқдопшыларын 2:1 есеімен тізе бүктірді. Панама осылайша өз тобында 13 ұпаймен үшінші орынды иеленсе, Коста-Рика 16 ұпаймен екінші, Мексика 21 ұпаймен көш бастаған.
Египет елінің футболшылары да 1990 жылдан бері, алғаш рет Әлем чемпионатына барады. Конгоны қабылдаған мысырлықтар 2:1 есебімен ұтты. Шешуші голды 95-минутта Мохамед Салах пенальтиден соқты.