Белгілі актриса Кейт Уинслет те «жыл адамы» деген атаққа лайықты еңбек еткен тұлға. Дегенмен, Кейт ханым өзегін өмір бойы өртейтін өкінішті істерінің де бар екенін жасырмайды. Ол кезінде біреудің құлағын құнтитып кесіп алған көрінеді.
Кейт Уинслет атақты «The Tonight Show» телешоуында ағынан жарылды. Актриса жас кезінде алтын саусақты шаштараз болуды армандаған екен. Туыстары мен достарының шашын қиюмен айналысып жүріп, ол отбасына жақын бір жанның абайсызда құлағының ұшын кесіп алған. Бұл олақтығына қатты күйінген Кейт ханым, кейін қолына қайшы ұстамастай болыпты.
Анжелина Джоли болса бар өмірлік өкінішін артқа тастап, ақша табуға шындап кіріскен. Брэд Питтпен неке жүзігін жасатып жүріп, актриса 2009 жылы зергер Реборт Прокопомен танысқаны бар. Әріптестік орнатқан екеуі Анжелианның жеке зергерлік бұйымдар саудалайтын брендін тағы бір дүниемен толықтырды. Ол 888 караттық гауһартастармен көмкерілген құны $5 млн.болатын асыл алқа. Теңдесі жоқ бағалы туынды «Джоли жұлдызы" деген атау алған.
Бейонсе мен Джей-Зи нәрестелі болған төрт айдан кейін, тұңғыш рет папарацци нысанасына ілікті. Руми мен Сэр атты егіздерін қолына ұстаған жұлдызды жанұя Нью-Йорктегі тікұшақ алаңдарының бірінде байқалған. Жандарында бес жасар қыздары Блу Айви де бар. Қос әртіс БАҚ өкілдерінен отбасылық өмірлерін тасада ұстайды, сұхбат беруге де құлықсыз. Олардың жаңалықтарының хабаршысы қазір тек әлеуметтік желі.