Бүгін инстаграмның туған күні! «Лайк, хэштег, сторис!» Аталмыш әлеуметтік желі өмірімізге дендеп енгелі қашан. Инстаграм арқылы танылғандар, табысқандар, ұрысқандар мен бұл қосымшасыз таңын атырмайтын жұлдыздар.
Көзімді ашсам, «саған лайк, маған лайк»... Инстаграм дәурені жүріп тұрған мына заманада, ұйқыдан тұра сала әлеуметтік желіге кіру әркімнің де әдеті. Небәрі 7 жылда өнер жұлдыздарының да инстаграмсыз тамағынан ас өтпейтін болған.
Сиви Махмуди, әнші, продюсер:
-Құдай сақтасын күнімді оған қаратпай қойсын. Удалить еткен уже өмірден түңілді деген сөзбен бірдей ғой. Былай қарап тұрсаң шынымен ғой. Менің жобаларым, бизнестерім маған инстаграм керек қой. Ол үшін мен бәрінен айрылып қалуым керек, оны өшіріп тастау үшін. Жұртқа масқара болып, ешқандай дүнием қалмай, құдай сақтасын, күнімді оған қаратпасын...
Инстаграм арқылы табысқа жеткендер баршылық! Күні кешегі «Безумная женщина» - бүгінде актер Нұрлан Батыров, ал Шако – «ең үздік ер адам рөлі» номинациясының жеңімпазы..
Желі арқылы бір белесті бағындырдым дегендер қатарында «Мистерионстық» Дильен де бар.
Дильен, «Мистерионс» тобының әншісі:
-Ең біріншіден ия сол инстаграмда, ютубта «дабсмеш» түсіргенмін. Жолымды ашты ма білмеймін, осының кесірінен, көптеген режиссерлер, телеканалдар сериалдарға шақыра бастады мені, кастингтерге.
Инста-блогерлер, инста-аналар, инста-жұлдыздар... Ұсынар дүниең болса, бұл әлеуметтік желі арқылы елге танылу оп-аңай. Немесе керісінше, атағыңның арқасында ақшаға да кенелесің.
Айқын, әнші:
- Кем дегенде 200 доллар 150 доллардың несін бір фото салғаны үшін алады! Бартермен, ол кәдімгідей эконом. Қымбат бір бутик болса, әрине оларға қымбатырақ сұрайсың.
«Лайк, репост, хештег, сторис!» Бұл сөздерді күнделікті өмірге енгізген танымал әлеуметтік желіге жеті жыл толды! Инстаграм иіріміне түсіп кетпей, тек игілігін көріңіз!