Бар маxаббатпен! Құлсарылық ғашықтар Марлен мен Анелдің дүйім жұртқа айтар жағымды жаңалығы бар!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бар маxаббатпен! Дәл осындай атаумен Оралда 3-ші мәрте қайырымдылық балы өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі шараның басты кейіпкерлері - құлсарылық ғашықтар Марлен мен Әнел! Толығырақ аталмыш кешке қатысқан.

Жұлдыздар мейман болған «Гранд Балда» бақ сынауға 500-ден астам жастар өтініш білдіріпті. Арнайы іріктеу нәтижесінде 18 бен 29 жас аралығындағы тек 50 жұп таңдалған.                                                                                                    
Бұл игі мақсаттағы шара түрлі тағдырларды тоғыстырған! Кастингтен сүрінбей өткен дебютанттардың қатарын төрт балалы ана, жақында жұбайынан айырылыған келіншек, әскерилер, ұстаздар, дәрігерлер, жұмыссыз жастар мен студенттер  толықтырған!                                                                                    

Алпамыс Шәрімов, жоба жетекшісі:                                                              
-Әр тұрлі адамдарды ала отырып, оларды бірдей киіндіріп көрсеткім келгені біз қандай болсақ та, мансабымыз жоғары төмен болсын. Бай боламыз ба, кедей боламыз ба, жұмысты боламыз ба, жұмыссыз боламыз ба, мүгедек боламыз ба жоқ он екі мүшеміз сау жүрміз, бәріміз бірдейміз дегенді көрсеткім келді.                                                                 
Үшінші мәрте ұйымдастырылған жобаның идеясы - жабырқаулы жандардың жүзіне күлкі ұялату. Хикаялары Қазнетті шулатып, заманауи махаббат символына айналған Марлен мен Анель осы шараның басты кейіпкерлері. Қайырымдылық кешінен түскен қаржы дәл осы арудың сырқатын емдеуге жұмсалмақ. Алайда, 7 жыл сан қиындықпен күрескен бұл жұптың жұртқа жеткізер жағымды жаңалығы да бар.                                                                                                                      

Анел:
-Аллаға шүкір, дәл қазір денсаулығым жақсы. Иә, он бес отадан шыққан қызбын. Жаңа айтқандай отыз пайыз өмірім қалды дедім ғой. Сіздердің алдарыңызда да интервью беремін деп ойламаппын. Аллаға шүкір Мәрленнің қолдауымен, махаббатымен, Алланың қалауымен сіздердің алдарыңызда тұрмын.                                        
Жүректерді жылытқан бұл шараның атмосферасы жұлдыздарды да бей-жай қалдырмады. Мәселен, Ринат Гайсин алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерді қолдауда қол қусырып қалмайтынын айтады.                                

 Ринат Гайсин, композитор:
- Мен әрқашанда дайынмын. Жалпы, өнер жолында жұрген бүлдіршіндерге, інілеріме, қарындастарыма өзімнің жеке студиям бар, жеке фондым бар. Сол фондағы мақсатымыз сол кішкентай бүлдіршіндерге көмектесу, конкурстарға қатыстыру.
Ал, бұл кештің хедлейнері - Димаш Құдайбергенов. Әлем таныған қазақ баласы  қонақтарды әсем әннің құшағында тербеді.