Алғашқы қарсыласын екі минутта құлатқан Иван Дычко ағайынды Кличколардай бола ала ма?! 

Сообщить о проблеме с эфиром

Қос олимпиададан қола алған Иван Дычко да кәсіпқой рингтегі жеке жолын сәтті бастады. Ол алғашқы жекпе-жегінде америкалық Эйбур Райтты алғашқы раундта-ақ нокаутпен тізе бүктірген еді.

Мамандар 27-жастағы жерлесімізді, ағайынды Кличколар секілді ауыр салмақтың келешек жұлдызына балайды. Дычконың сөзінше деңгейі өскен сайын оның әр қарсыласы қиындай бермек. Үш әлем біріншілігінің жүлдегері Иван енді кәсіпқой бокста чемпион атануды көздейді. 
 

Иван Дычко, кәсіпқой боксшы: 
-Бұл жекпе-жек мен үшін қиынға соқпады. Қарсыласымның өзіне деген сенімсіздігін байқаған сәттен мен батыл қимылдай бастадым. Нәтижесінде нокаут! Дебютті кездесудегі жеңістен кейін тоқтап қалмаймын, ендігі қарсыластарым бұдан да қиын болады. Мен дайынмын!