Парижде Вивьен Вествуд тың топтамасын таныстырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ким Кэтролл алпысты алқымдап, өзін егде сезінсе, 76-жасар Вивьен Вествуд-тың қартаяр ойы жоқ. Мұны дизайнер, Париждегі сән апталығында таныстырған тың топтамасы арқылы дәлелдей түскендей...

Беті боялған, қабат-қабат киім киген модельдер, ал сахнада бейберекеттік орнаған. Бұл Vivienne Westwood панк-лейблының көктем мен жазға арналған топтамасының көрсетілімі еді. 
 

Андреас Кронталер, «Vivienne Westwood»брендінің креативті директоры:
-Жаңа топтаманы дайындаған кезде шабытты туған жерімнен алдым. Жұмыс барысы өзіме қатты ұнады. Топтаманы жасау, саяхаттағанмен тең болды. Вивьен маған барынша көмектесуге тырысты.

76-жасар Вивьеннің жұбайы, дизайнер Андреас Кронталер өзінің ойлап тапқан киімдеріне «сиыр», «бұзау» сынды ерекше ат қойып үлгерген. Сәнгер болашақта мұнысымен тоқтамақ емес...

Ал, Issey Miyake-нің топтамасы – естеліктер әлеміне саяхат. Йошиюки Миямаэға жан-жануарлар емес, исландиялық ландшаф шалқар шабыт сыйлаған көрінеді.
 

Йошиюки Миямаэ, «Issey Miyake» брендінің креативті директоры:
-Әрбір топтаманы жасағанда, мен әлемнің әр түкпірінен шабыт алғым келеді. Бұл жолы Исландияға барып, тамаша табиғат көрінісінің куәгері болдым. Мұның барлығы кезекті  жұмысыма әсер етпей қоймады.

Париж сән апталығының аясында өткен тағы бір елеулі оқиға, Balenciaga бренді топтамасының таныстырылымы.

Сән үйі бұл жолы өз топтамасын кеңсе қызметкерлеріне арнаған. Ақ жейде, сұр түсті белдемше, қара шалбарлар. Қысқасы, қатал киім үлгісін ұнататын жан болсаңыз, Balenciaga-ның топтамасына көз жүгірткеніңіз абзал...