Бейбіт Ыстыбаев бастық болып та көрмек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Үш дүркін «Қазақстан барысына» енді  Жамбыл облыстық әкімдігіне қарасты басқармадан лауазымды қызмет бұйырды. Жауырыны жерге тимеген батырдың «жұмсақ креслодағы» ісі де өнімді бола ма?! 

Бейбіт Ыстыбаевқа – Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Жекпе-жек» клубының директоры қызметі бұйырған. Боз кілемді кеңсеге бір жола алмастырдым, - дейді палуан.  Күрестің талай шыңын бағындырған батыр  спорттағы мансабымен қош айтысқан. Есесіне, ертең ізбасары болар талай чемпионды баптап шығуға шын ниетті.

Бейбіт Ыстыбаев, «Қазақстан барысы», «Жекпе – жек» клубының директоры

Бейбіттің жерлесі, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев та біраз жыл бұрын рингтен кетіп, бір ауылдың әкімі лауазымында мемлекеттік іске білек сыбана кіріскенді. «Вэл Баркер» кубогының иегері біраз жауапты қызметтердің басын шалды. Бүгінде, өзінің аты берілген бокс сарайына басшылыққа тағайындалған.

«Баркер» кубогының тағы бір иегері Серік Сәпиев те бокстағы жолын аяқтай сала, «Astana Arlans» командасының директоры атанғанды. Бірнеше жыл маңызды істер атқарған соң, жыл басында Парламент Мәжілісінің депутаты  болды.

Ольга Шишигинаға да Олимп шыңын бағындыру аздық еткендей. Жеңіл атлет  ҚР Мәжілісінің 5-ші шақырылымында депутат болып елдің қамын күйттеді.

Халық қалаулысы атану Дәулет Тұрлыхановқа да екі мәрте бұйырған. Даңқты палуан спорт министрлігінде де қызмет атқарып, жас чемпиондарды әзірлейтін біраз мектептер салдырғаны есімізде.