Oтандық шоу-бизнес сұлулары стилистермен жиі жұмыс істейді ме?
25.07.2017
Рианнаның күйін кешпес үшін, біздің өнер жұлдыздарына арнайы сән мамандарының кеңесіне жүгінген жөн болар... Жалпы, отандық шоу-бизнес сұлулары стилистермен жиі жұмыс істейді ме? Олар өз талғамына қаншалықты сенеді? Жауапты тілшіміз іздеп көрді.
Ерке Есмахан, әнші:
-Егер де бенебаян түсіретін болса, концерт болса және басқа да үлкен шаралар болса ол жерде стилистер жұмыс жасайды менімен. Солар маған таңдап, фотоссесия болсын басқа болсын.
Алайда, әнші күнделікті өмірде өзінің жүрек қалауымен киінгенді жөн көреді.
Ерке Есмахан, әнші:
-Ал күнделікті өмірде, кейбір концерттерде өзім таңдап, өзімнің талғамыма сеніп шыға берем. Әзірше жаман емес сияқты.
Расымен де, жаман емес! Себебі, Ерке Есмахан отандық шоу-бизнесте талғамы биік жұлдыздар көшінде. Ал, әнші Адэми стилист мамандарға мүлде сенбейді.
Адэми, әнші:
-Мэйкап, шаш үлгісін барлығын өзімнің қалауым бойынша жасаймын. Әрине, өзімнің жеке визажист, хэйр стилистім бар. Бірақ олар тек менің айтқанымды орындайды. Киімдерімді де өзім таңдаймын.
Тіпті, өнерпаз бейнебаяндағы образдарын да ешкімге сеніп тапсырмайды екен.
Аша Матай үшін сәнді, үйлесіммен киінудегі бас кеңесшісі – өзінің анасы.
Аша Матай, әнші:
-Клиптерде күнделікті өмірде мен әрдайым өзімнің талғамыма сенетінмін, анамның талғамына.
Ана атанғалы, дүкен аралап киім таңдауға уақыт тапшы, - дейді Аша. Сондықтан стилистің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.
Аша Матай, әнші:
-Бұрын соңды стилистің көмегіне жүгінбеппін. Бірақ қазір жаңа басталды, басқа заттарға көңіл бөлгеннен кейін стилист алдым өзіме. Айтпақшы, кеңес берем, стилиспен жұмыс істеген әлдеқайда оңайырақ екен.
Дегенмен, әншінің сән кеңесшілерімен ойы бір арнада әркез тоғыса бермейді. Сондықтан, стилист таңдауда аса мұқият болу керек дейді ол.