Режиссер Люк Бессонның басы дәл мұндай дауға ілікпес деп ойлаймын. Киногер күні кеше «Валериан и город тысячи планет» картинасының кезекті, Лондон қаласындағы премьерасын өткізді. Атаулы шарада төбе көрсеткен Рианна, бұл жолы да жұрт назарынан тыс қалмады.
Актриса ретінде бағын сынаған Рианна, «Валериан и город тысячи планет» фильмінің Лос-Анджелестегі премьерасында халықты бір шулатқан еді. Сол күні, оның қызғылт түсті көйлегін жұрт оң қабақпен қабылдай алмады.
Әнші Лондондағы тұсаукесерде де өзінің жарқын образымен ерекшеленді. Бұл жолы өнер иесі алқызыл түсті ұзын көйлекті таңдаған. Алайда, ел арасында Риананың киіміне емес, енді салмақ жинаған дене бітіміне сын айтушылар қарасы көп болды.
Бұл фантастикалық кинокартинада басты рөлді еншілеген Кара Делевинь болса, әріптесімен салыстырғанда қарапайым киініпті. Актриса өзінің смокингін, үлкен көлемдегі әшекей бұйыммен тамаша толықтырған.
Кара Делевинь, актриса: -Расымен де бұл жағдай менің басымнан өтуде. Мен кинодамын! Және дұрыс бағытта келе жатырмын деп есептеймін.
Кара Делевинь расымен де кино саласында өзін суда жүзген балықтай сезнетін сынды. Себебі ол, жуырда ғана модельдік мансабын тастап, актерлікке бет бұрғанын айтқан. Сұлу сылқым «мұнымен тоқтамақ» емес. Модель алғаш рет ән шырқап, бұл компози25ция «Валериан» фильмінің саундтрегі ретінде таңдалған еді.