«Найнти уандықтардың» стилін соңғы кезде A.Z қалыптастырады! Өзге мемберлер де қол қусырып отырған жоқ. Жақында, «Қараңғы жарық» үнтаспасының кезекті бөлімі мен жаңа паймдарын ұсынбақ. Пайм демекші, мұның мағынасы қандай екен?
«Ninety one» тобы: – Бізде комикс деген сөз де жоқ қазақ тілінде. Сол себептен бізге жаңадан сөз шығаруға тура келді. Пайым деген идеологиядан алынған сөз. Бірақ, ол пайм. Ол зат есім, комикс аудармасы.
Біздің қоғамдағы Q – pop ұғымының дәнін алғаш «Найнти уандықтар» екті. Субмәдениетті дәріптеуді олар тек музыкасымен ғана емес, түрлі әдіспен де жүзеге асыруда. Себебі, мемберлер өз бағыттары арқылы қазақ тілін, шама-шарқыларынша жетілдіруді қалайды.
«Ninety one» тобы: – Қазақ тілінде көше тілі мәдениеті жоқ және сленгтер дамымаған. Бізге оны шығару керек, шығаруға тура келеді. Өзге ұлттар естігенде, оларға да жатталатындай тез сондай кішігірім тіл шығады.
«Қараңғы жарық» күйтабағына қосымша ретінде ұсынылған паймдарға деген көпшіліктің қызығушылығы оянса, бұл бастаманы «91»-ліктер түбегейлі қолға алмақ. Кенже қалған қазақша комикс, тілге қызығушылықты арттырады деп сенеді олар.
«Ninety one» тобы: – Жастарды сол затқа баулу. Оқуға шақыру. Жас жеткіншек болған кезімізде, ондай нәрсе болған жоқ. Тек, орысша, ағылшынша комикстер болатын. Бірақ, қазақша ештеңе болған жоқ.
Олардың шығармашылығы септігінен, иглздың қолданысына енген жаңа терминдерді талдасақ. Мембер – топ қатысушы, фан-сайн - автограф-сессия!
«Ninety one» тобы: – Мысалы, Сау, сау бол! Алдағы уақытта паже дегеннің не екенін білесіздер.
Жігіттер Q – pop сленгтерінің мағынасын ұғындырар сөздік дайындауға да ниетті.