Дана Нұржігіт тұрмысқа шықты! Тележүргізушінің таңдауы кімге түсті?
Экс-жұбайымен ажырасқалы араға 5 жыл салып, Дана Нұржігіт қайта тұрмысқа шықты! Тележүргізуші ұлым Әлімге қамқор әке, өзіме тірек болар жанды таптым деп сүйіншіледі. Ол әнші де, журналист те емес, жәй ғана кішіпейіл адам деп таныстырды жұбайын.
Индсайдерлер Мұрат есімді бұл азаматтың Шымкенттік бизнесмен екенін айтады. Бұрын отбасылы болған. Жас жұбайлардың неке қию салтанаты тамыз айының басына белгіленген.