Алдыңғы дөңгелек қайда жүрсе, соңғысы сонда жүреді. Иә, «91» тобының әншісі АСЕ-тің інісі де кью-поп бағытында бақ сынап көрмек. Жаңа бойзбендтің құрамына қабылданып үлгерген 17 жастағы бозбалаға «Найнти уандық» ағасы қандай кеңес берді?!
Жуырда ғана жасақталған «кью-поп» бағытындағы бойзбендте АСЕ-тің мына Мадияр есімді бауыры өнер көрсетеді екен. «Найнти уанның» мембері, соңынан ерген інісіне дер кезінде қол ұшын созуға әзір.
«Red Blaidd» тобы: -Көбінесе қазір өздерінің группасымен жұмыста жүреді. Ал, үйге келген кезде бір-бірімізбен сөйлесіп отырамыз. Қалай, жұмыс қалай болып жатыр деп. Өнерге қалай келіп жатырсың деп өзінің ақылдарын айтып тұрады. Мысалға, мен осы топта вокалист болып келемін. Вокал жағынан қалай жақсы шығару керек екенін, сахнада өзіңді қалай ұстау керектігін сол жағынан көрсетеді.
«Рэд Блэйд» – отандық шоу-бизнесте кью-поп топтарының тізімін толықтырған бойзбенд! Бұл жанрды насихаттау жолында аянбай тер төгуге ниетті бозбалалар ұжымның атауына қанық түсті таңдаған.
«Red Blaidd» тобы: -Басқа түстерден қарағанда, қызыл түс өте ерекше және көзге тез түсетін түс болып табылады. Ал, қасқыр деген себебіміз, біз сырттай қасқыр болып көрінбесек те, іштей қасқырмыз. Кью-поп индустрияға жылы болып, қасқыр болып кіргіміз келеді.
Бұл бойзбенд отандық кью-поп бағытында қалыптасқан қағиданы бұздық деп отыр. Яғни, осы уақытқа дейін пайда болған барлық топтар 5 өнерпаздан тұрса, «Рэд Блэйд» құрамында 4 вокалист және 3 рэпер бар.
«Red Blaidd» тобы: -Біздің топтың ерекшелігі, біздің топта 7 адам. Яғни, ол 7 біріншіден киелі сан және 7 деген басқа кью-поп топтарға қарағанда көбірек деген мағынада.
Қазіргі таңда қызыл қасқырлардың репетуарында қос трек дайын. Бүгінде бойзбенд мүшелері хореографияны пысықтап, жақын күндері дебюттік бейнебаянның түсіріліміне кіріспек.