Алғаш рет Елорда төрінде ұйымдастырылған әзіл мерекесінде «Азия МИКС», «Камызяки», «Город Пятигорск» және «Казахи» командалары сайысқа түскен. Ал, көңілді әрі тапқыр жігіттердің ойынына Сергей Светлаков, Михаил Галустян, Байғали Серкебаев сынды танымалдар төрелік етсе, «КВН» кешінің тізгінін Александр Масляков ұстады. 7 жылдан кейін толық құраммен сахнаға алғаш шыққан «Казахи» серілері бұл доданың жеңімпазы атанып, тұңғыш рет кубокке қол жеткізді.
Астанада өткен «КВН-2017» жазғы кубогінде қазақстандық қалжыңбастардың асығы алшы түсті
03.07.2017