2 шілде күні Астанада өткен Қазақстан барысы-2017 турнирінде 34 балуан өнер көрсетті. EXPO 2017 көрмесі аясындағы бұл палуандар жәрмеңкесінің чемпионы болып "Қаратамыр" – Еламан Ерғалиев танылды. Сенсация жасаған жас жеңімпазға 25 миллион, ал оның бапкеріне 3,5 миллион теңге сыйақы берілді.
ондай-ақ “Қазақстан Барысына” арнайы белбеу мен «Тайтұяқ» табыс етілді. Күміс белбеу иесі Ұлан Рысқұловқа 5,5 миллион, үшінші орынды еншілеген Айбек Нұғымаровқа 1 миллион 800 мың теңге берілді. Осы жылдың тамыз айында палуандар «Әлем Барысы» халықаралық турнирінде тағы бір рет күш сынасады.