Қанат Ислам мүгедек балаға жеке боксшы қолғабын тарту етіп, Астанадағы жекпе-жегіне билет берді. Сондай-ақ, кәсіпқой спортшы балаларға бокстың қыр-сырын үйретіп, ринг сыртында да жеңіске жетудің жолдарын түсіндірген.
Былғары қолғап шебері «Біздің негізгі мақсат - тек рингтегі қарсыласты жеңу емес, қиын жағдайға ұшыраған жандардың қайғысын жеңуге де көмектесу" дейді. Қанаттың айқастарын үзбей көретін балақай оның жанкүйері екен.