Ал, еліміздегі жарнама саласының өкілдері чемпиондық белбеу алмаса да, өз жолында біраз жетістікке жетіп жүр. Мәселен, олар жуырда «Канн арыстаны» атты халқаралық пиар-фестиваліне қатысты. Отандық жарнама индустриясы мамандары бәсекеге қабілетті ме?
Көрермен үшін жаттанды көрінетін жарнамалық роликтерді түсіру үлкен шығармашылық шабытты, қыруар еңбекті талап ететінін бірі білсе, бірі білмейді. Тіпті, бұл саланың өкілдері арасында жыл сайын халықаралық «Канн арыстаны» байқауы да ұйымдастырылады.
Виктор Елисеев: -Бұл жылы қазақстаннан 7 делегат қатысып, «жас арыстандар» аталымы бойынша 4 үміткер бақ сынады. Олар сайыс ережесі бойынша, берілген тақырыпқа 1 күн ішінде бейнеролик түсіру керек болды. Бірақ, өкінішке қарай жеңіске жете алмадық.
1954 жылдан бастап дәстүрлі түрде Францияда өткізілетін халықаралық «Канн арыстаны» фестивалі - әлемнің түкпір-түкпірініндегі жарнама мамандарын бір ортаға тоғыстыратын креативті кеңістік.
Виктор Елисеев: -Бұл жылы Ресей, Украина, Белоруссия, Грузиядағы әріптестеріміз жеңіске жете білді. Мен оларды шын жүректен құттықтаймын. Болашақта біздің еліміз де Канн арыстанын өз қоржынына еншілейді деген үміттемін.
Жарнама дегенде бірден көз алдымызда коммерциялық мақсатта түсірілген бейнероликтер елестейді. Алайда, адамның назарын өзіне аударта алған әлеуметтік мәселе де жарнама бола алады. Мысалы, халықаралық әйелдер күніне арналған мына мүсін фестивальде үздіктің бірі деп танылды.
Ал, «Фильм крафт» аталымы бойынша гран-при иеленген бұл туынды ерлердің батылдығы мен көңілін ұштастыра білген.
«Продукт дизайн» номинация бойынша жеңіске жеткен аталмыш бейнеролик кедей коллумбиялықтардың өмірін боямасыз көрсеткен.
Тың ой мен креатив, елді елең еткізу. Жарнаманың табыс кілті осы қағидалар. Бұл индустрияның отандық тісқаққан мамандарына күні ертең «Канн арыстаны» да бұйыратынына сенім мол.