Орындаушының бет-бейнесі – оның мәңгі өлмес әні! Аты аңызға айналған Битлздың, әйгілі Адельдің тамсандыратын туындыларының бәрі Алматыда табысты! Бұл кеште шырқалған танымал әлемдік хиттердің кавер-нұсқалары тыңдарманды бей-жай қалдырмаған сынды.
Отандық өнерпаздардан жасақталған квинтеттің қалың көпшілікке ұсынған концерті «Британия» деп аталады. Бұл музыканттар виоленчель, гитара, саксафон, перкусия және фортепианоның сүйемелдеуімен, әлемдік хиттерге кавер жасады.
Болат Тыныбеков, музыкант (виоленчель): -Белгілі жобаны жоспарлағанда бірден өзіме сұрақ қоямын. Бұл жұмыс көптің көңілін шығады ма? Елді елең еткізерлік қандай ерекшеліктері болады деген сияқты. Біз арнайы сауалнама жүргізіп, халыққа ұнайтын тректерді тоғыстырдық!
Концерттік бағдарламаға аты аңызға айналған Битлз репертуарындағы әндерден бастап, әйгілі Адельдің де тартымды тректері таңдалыпты. Кәсіби мамандардан құралған музыканттар тобы бұл кешке 1 аптадан астам уақыт дайындалған. Алайда, құлаққа сіңген әуендердің ноталарын қысқа мерзімде жаттап, сахнада шабытпен ойнауы, әлемдік хиттердің өміршеңдігін дәлелдеп отыр.
Қуаныш Амангелді, музыкант (саксофон): -Жатқа ойнау деген қиын емес! Өйткені, күнделікті құлақта жүрген әуендер! Күнделікті ойнап жүрміз. Дайындықтың алдында, үйде отырғанда да деген сияқты...
Сондай-ақ, әйгілі хиттерді кавер нұсқада орындаған музыканттардың шеберлігі тыңдарманын шынымен баурағандай. Халық танымал тректердің мұндай баламасына да жоғары бағасын беруде...
-Keane - «Somewhere only we know», George Michael – ''Carelass Whisper'', Duran Duran... -«Shap of you» өлеңі! Ең соңғысы болып орындалды! Ең жақсысы сол...