Көрерменді күлкіге көмсем дейтін Нұртас Адамбайдың жаңа картинасы өз-өзін ақтар ма екен..?! Ал, әлемдік киноиндустрияның күні кеше жарық көрген кейбір туындылары, қоржындарын қыруар қаржыға толтырып үлгерді. Су жаңа фильмдердің табысы туралы тілшіміз толықтырады.
Көп күттірген «Трансформеры: Последний рыцарь» картинасы өз көрерменімен қауышты. Енді ол, АҚШ-тың сұраныстағы кинофильмдер тізімінің көшін бастап, қаралым бойынша «Көліктер» сиквелын басып озды!
Прокатқа шығарылған алғашқы күні-ақ «Трасформеры: Последний рыцарь» кинокартинасы 15,7 млн долларды еншілеген. Голливудтық тілшілердің болжамыншы, фильм демалыс күндеріне дейін 65 млн доллар табыс алып келеді деп күтілуде.
Таңдаулы фильм тәжін шешіп берген «Тачки-3» туындысы екінші орынға жайғасты. Дегенмен, апта соңында тағы 29 млн долларды өз қанжығасына байлаудан дәмелі.
Мықтылар көшінен Пэтти Дженкинстың «Чудо женщинасы» да қалар емес. Көп көрерменнің тәбетін ашқан кинокартинаның, демалыс күндерінің өзінде-ақ кассалық жиыны 28,9 млн долларды құрамақ.
Тупак Шакур туралы түсірілген «All Eyez On Me» биографиялық туындысы тағы 9.25 млн, ал «Мумия» картинасы 7.26 млн көк қағаз жинап, үздік бестікті түйіндеді.
Еліміздегі көрерменнің таңдауы батыстықтардан біршама өзгеше. Мәселен, бір жұманың кассалық жиыны бойынша «Тачки-3» кинокартинасы алға шығып 234 млн-нан астам теңге жинаса, «Мумия» фильмі 130 млн, ал «Пираты Карибского моря» 50 млн теңгені еншілеп, үшінші орынға жайғасқан. Соңғы аптада 48 млн-нан астам теңгеге ие болған «Чудо женщина» бұл жолы төртінші.