«Ұлым мен қызым дербес өмір сүруі қажет», - дейді Уилл Смит! Сондықтан болар, әлі бала болса да еркін өскен перзенттері талай шыңды бағындырып үлгерді. Уиллоу Смит– модель, Джейдан – киноиндустрия мен шоу-бизнеске әуес. Бұл жолы оның атұстары, Бэтмен образында бейнебаян түсіріп, табынушыларын тағы да молайтты.
Небәрі он сегіз жасқа таяуда аяқ басқан бұл серінің фильмографиясы тым бай. Сондықтан, текті ұл енді біраз уақыт үзіліс тапқан музыкалық мансабын қайта жаңғыртты. Тіпті, «Syre» атты тұңғыш үнтаспасын да даярлап қойған.
Әнжинаққа енген «Бэтман» синглының табысты боларына серінің өзі қалтқысыз сенеді. Сондықтан, бейнебаян таспалауды дәл осы туындыдан бастауға бекінген. «Люди в черном», «Өрмекші адам» мен «Бэтманның» айқасы суреттелетін клипке Мойзес Ариас режиссерлік етті. Жаһанға ол Тимур Бекмамбетовтың «Бен-Гур» картинасы арқылы таныс.
Джейден Смит хип-хоп орындауды Джей Зиге еліктеп бастағанды. Таңдаған кумирі осал емес! Рэпердің де еңбегі еленіп, тағы бір мәртебелі жүлдеге лайық деп танылды. Ең танымал музыкалық туындылардың авторлары біріккен Songwriters Hall of Fame ұйымы, Бейонсенің күйеуіне «АҚШ музыкасын дамытуға қосқан үлесі үшін» атағын табыстады. Тек өзі жүлде тапсыру салтанатына келе алмаған. Себебі, айы-күні жақындап қалған жұбайының жанынан бір елі де ұзап шыққысы жоқ.
Бейонсе мен Джей Зи сынды Дэвид пен Виктория Бэкхемдерді жұрт үлгілі отбасы санайды. Дегенмен, инсайдерлер мұны жоққа шығарды. Pокер Стивен Тайлор ұйымдастырған кешке, үлкен ұлы мен жұбайын ертіп келген экс-футболшы кеш соңында «үлгілі отағасы» атағынан жұрдай болған деседі. Өз отбасын үйіне қайтарып жіберген Дэвид, таң атқанша өзге сылқымдармен көңіл көтерген.