Дәулет Арынбаевтың дәл осы фотоны желіге жүктені сол еді, бұл жазбасына оқырмандары пікірлерді қарша боратты! Әншінің соңғы постына «Сымбатты жігіт, бойшаң бозбала» деп жарыса жазған фоллоуверлері Медеудің тұңғышына тамсанып жатыр...
Иә, оқырманның таңырқауы орынды! Осыдан 10 жыл бұрын бала Дәулетті бейнебаяннан көрген жұрт, бозбала болғанын енді байқап тұр. Арынбаевтың ұлы биыл мектеп бітіріп, аттестатын қолына алған.
Сонымен қатар, желі де жиі көзге түсетін жұлдызды балалардың бірі Бекболат Болман! Қыдырәлі мен Қарақаттың тұңғышы бүгінде инста-парақшасын белсенді түрде жүргізіп, жұрт назарына ілікті. Алайда, әкесі 16 жастағы ұлының көп жерде көрінбеуін қалайды.
Қыдырәлі Болманов, әнші, продюсер: –Мен оны ешқашанда сахнаға сүйреп, бір жерден көрсетіп жүруден шыныменде қашқақтаймын. Өйткені жас балаға танымал болу, ерте танымал болуы, оның жүгі ауыр біреу көтере алады, біреу көтере алмайды. Ол керек емес нәрсе де былайша айтқанда.
Бүгінде «АБК»-дағы Ерланның жұбайы мен балалары да әлеуметтік желіде танымал. Қазіргі таңда Қытайда білім алып жатқан Айгерім Көкеева тәжірибелі визажистердің қатарында.
Анар Көкеева, Е. Көкеевтің жұбайы: –Біздің балалардың барлығы тұйық! Әншінің баласымын, елге танылуым керек деген жоспар құрған емес! Олардың пиар арқылы көк жәшіктен көрінуге құлқы да жоқ!
Баласының суретін желіге сирек жүктейтін Жанболат пен Жазираның дәл осы постына жазылған жағымды пікірлердің санында шек жоқ! Жұлдызды жұптың оқырмандары Қазыбекті ата-анасының парақшасынан жақсы таниды...
Жанболат & Жазира, әнші: – Егер жақсы жағынан танымал болса, ешкім қарсы болмайды ғой. Бірақ ол танымал болғанда да халыққа оның танымалдылығы пайдалы ма, пайдалы емес пе? Соған да көп байланысты. Мысалы, бір басқа бағытпен ән айтып, мүлдем біздің қазақтың салт-дәстүріне жат қылықпен танымал болып жүрсе мен оның танымал болғанын қаламас едім.