Майли Сайрусты пір тұтатын миллиондар тұрмақ, әріптестерінің өзі сылқым күйеуге шықпай қала ма деп уайымдайтын.
Себебі, ол ғашығымен бірнеше рет ат құйрығын үзісіп, одан қалды неке қию салтанаттарын да кейінге шегеріп әбден әбігерленген еді. Дегенмен, махаббат оты қайта маздады!
Майли таяуда тұсауы кесілетін үнтаспасындағы «Малибу» әнін сүйіктісіне арнағанды. Бекер емес екен. Ғашығы екеуі, шілденің төртінші жұлдызында АҚШ-тың тәуелсіздік тойы қарсаңында өз алдарына отау тікпек. Лас-Вегаста өтетін бұл шаңырақ көтеру салтанатына тек достары мен жақындары жиналады.