Қазақстанда «Q-pop» бағытының іргетасын қалаушы «91» тобы, отандық шоу-бизнеске «фан-дом» ұғымын енгізген тұңғыш бойзбенд. Енді жанкүйерлерін жанына жиып, фанаттар армиясын жасақтауды біздің жұлдыздар қауымы да, бүгін трендке айналдыра бастаған.
Фан-дом – кумирінің әр қадамын жіті қадағалап, шығармашылығын бақылайтын табынушылар тобы! Бұл ұғымды насихаттауда бүгінде «K-pop» бағытындағы жанкүйерлер белсенділік танытып келеді. Мәселен, корейлік мына «БигБэнд» бойзбендінің тыңдармандары өздерін «VIP» деп атаса, «ЕХО» ұжымының фанаттары «ЕХО-L», «ВТС» тобын құрметтейтін халық «ARMY» атауын иемденген.
Фанаттар армиясын жасақтап, жанкүйерлерімен жиі жүздесу тренді қазақстандық танымалдарға да келіп жетті. Тіпті, фан-домына атау іздеп, арнайы пост жариялаған Оқапов, табынушыларын үн қосуға шақырған. Алайда, бірнеше нұсқаның ішінде «АЛЬЯНС» атауын ұнатқан Әлиге, Әділ Лиянның өз айтары бар.
Әділ Лиян, тележүргізуші, продюсер: – “АLьянс” фан-клубын осыдан бірнеше жыл бұрын менің шығармашылығымды құрметтейтін бойжеткен құрған болатын. Тіпті, перископтағы тікелей эфир арқылы талқылағанымыз есімде. Сондықтан, бұл атаудың бұрын пайда болғанын Әлиге ескертіп, постына пікір жаздым.
Әли фан-домының атауы жайлы, алдағы уақытта өзі хабарлайтын болады. Ал, күні кеше Талғат Кенжеболатов, иглздар мен кенталздар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты пост жариялаған.
Кентал, әнші – Иглздар өйткені, постоянно кенталздарға, маған қарсы шығатын сияқты. Сондықтан, менің айтқаным, кенталздар жиналыңдар.
Бұл Кенталдың кезекті қалжыңы делік! Дегенмен, әншінің бұл жазбаны жариялаудағы мақсаты не?!
Кентал, әнші: – Мен иглздамын, кенталздамын! Сондықтан, ешқандай айырмашылық жоқ! Ол әзіл! Иглз бен кенталздарды қосып, көңілімізді көтеру, сондай мақсат!
Иә, бүгінде отандық шоу-бизнесте ең белсенді фанаттар тобы – иглздар болып шықты! Яғни, «Ninety One»-ның тыңдармандары! Сондай-ақ, «РЕНЗО»-лық «Рензиктер», «Зирузаның» «ЛойАлстары» және бұл тізімде «Блэк-Дайл» жанкүйерлерінен жасақталған «Рэйвэнстар» да бар. Фан-дом мүшелері кумирінің шығармашылығын жіті бақылып, әндерін де жатқа айтады.