Мұндай қарқынмен Пиксар студиясы да әлемдегі дәулеттілер қатарына тез-ақ енетін түрі бар. Араға аз-маз уақыт салып, Найзағай Маккуин өз көрерменімен қайта қауышпақ. Калифорнияда «Тачки-3» туындысының әлемдік премьерасы аталып өтті. Бұл жолы Маккуиннің жоғарғы технологиялы көліктердің көлеңкесінде қалған тартысқа толы өмірі баяндалады. Жылдам жүйіткіген темір тұлпарлар оқиғасы 15-маусымнан бастап, жаһандық үлкен экрандардан көрсетілмек.
Эрми Хаммер, актер: -Маған фильмнің барлық бөлімі бірдей ұнайды. Әсіресе, алғашқы туындыдағы кейіпкер екеуіміздің арамызда ұқастықтар өте көп. Менің де жылдамдыққа жаным құмар, мен де үлкен жолда көлікпен жүйіткимін.