Сонымен қатар, «Кью-поп» бағытындағы алғашқы қыздар тобының да тыңдармандарына айтар тың ақпараты бар. Ән әлемінде қазақтың поп-музыкасын насихаттауды мақсат еткен«Crystals» гелзбенді жаңа бейнеклиптің тұсауын кесті...
Мак-Ари-Лулу-Нара-ДиА – бұл бойжеткендердің шоу-бизнес әлеміне қадам басқандағы лақап аттары! Кью-поп жанрында ән салатын қыздар ұжымының алғашқы клипі «Адастырма» деп аталады.
«Crystals» тобы: -Біз 5 қызбыз және де мектепте оқимыз! Бесеуіміздің де 5 арманымыз бар. Және де осы жерде айта кететін жағдай, 5 арманымыз негізі біздің шын арманымыз болатын. Шынайы өмірден алынған негізінде. Арманға жету жолын, осы клип арқылы көрсетеміз.
Бейнебаянда арманына асыққан арулар: суретші, актриса, әнші, футболшы және суда жүзу спортын жанына серік еткен сұлуларды сомдайды. Алайда, түсірілім барысында бұл образдарға ену, тәжірибесі аз бойжеткендер үшін оңай болмаған.
«Crystals» тобы: -Арманымызға жеткен, қуанышты сәтті көрсету керек болды. Бірақ, біз әр кезде күле бердік, сол сәтті біз ұзақ уақыт түсірген болатынбыз. Және де сол уақыт бізге қиын болды ең басында.
Бүгінде бұл өрімдей бойжеткендер күнделікті 3 сағатын вокалға арнаса, тәулігіне 7 рет бимен шұғылданады екен. Осыдан 2 ай бұрын шоу-бизнеске қадам басып, кью-поп бағытындағы тұңғыш гелзбенд ретінде тұсауы кесілген ұжым аздаған уақытта, мыңдаған жүректерді жаулап үлгерген.
«Crystals» тобы: -Біздің фан-домның аты АЕНС! Біз оларды өте жақсы көреміз. Осы екі айдың ішінде 17 мың жанкүйер бізге жазылған болатын, біздің парақшамызға және күннен күнге ол сан артып жатады.