Геннадий Головкин өзінің атындағы құны 900 млн-ға татитын спорткешенді ашты
08.06.2017
Геннадий Головкин өзінің туған қаласы Қарағандыға ат басын бұрды. Шаһарда жаңадан бой көтерген алып спорт кешеніне боксшының есімі берілген еді. Оның жалпы құны миллиардқа жуықтайды. Головкин спорт орталығының ашылуында балақайларға табысқа жетуінің құпиясымен бөлісті.
"Геннадий Головкинді Қазақстанда бас қаҺарман ретінде қарсы алды.» Бұл жұлдыздың боксшының промоутері Леффлердің тивиттердегі жазбасы. Расымен де, Геннадий Қарағандыға өз атында салынған алып спорт кешеннің ашылу салтанатына АҚШ-тан арнайы келді. Құрлысы 2014 жылы басталып, жалпы құны 847 млн. теңгені құраған спорт-сауықтыру кешені биыл толық аяқталған.
Головкинге деген халықтың шексіз ықыласы айтпаса да түсінікті. Оның есімі берілген спорт кешені үш қабатты зуәлім ғимарат. Ішінде 25 метрлік бассейн, ауыр атлетика залы, бокс залы, әмбебап ойын залы бар. Балаларға қатысу тегін! Майқұдықтан шыққан қарапайым бала Мэдисон Сквер Гарденнің төрінде өзін бокс ханзадасы ете алады. Бұған айғақ менің жолым деді Головкин.
Геннадий Головкин – кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы:
«Менің ойымша бұл жерде келешек чемпиондар жиналған. Олар ел байрағын түрлі сайыстарда, әлем чемпионатында, олимпиадада абыроймен көтереріне сенемін. Барлығы өз қолдарыңда! Армандарыңа сеніңдер, сонда мен секілді биіктерді бағындыра аласыңдар!»
Замануи жабықтармен толық қамтылған спорт кешенінің иглігін енді Қарағанды балақайлары көретін болады. Сонымен қатар, Головкин өзі өскен аулаға балаларға арнап жаңадан ойын алаңын салып бермекші. Бұл бастама арқылы ол еліміздегі өзге де ауқатты да белгілі тұлғаларды осы бастаманы қолдауға шақырды.
Головкин жақын күндері Астана қаласындағы жаһандық EXPO-2017 халықаралық көрмесінің де мәртебелі мейманы болады. Одан кейінгі бар уақытын 16 қыркүйектегі Сауль Альвареспен Лас-Вегаста өтетін жекпе-жегіне дайындыққа арнамақ.