Аюмидің жаңа әншісі Қонарованың қол астына келсе, бірнеше ай бұрын Артур Төлепов керісінше продюсерімен арадағы жұмысқа нүкте қойғанды! Өнер жолымен қоштасатынын айтып, жетекшісін имандай сендірген сері әлі күнге дейін ән салып жүр. Бұл қалай болғаны..?
Артур Төлепов – әнші, актер: «Ондай әңгіме болғаны рас! Бірақ өмір былай қарасаң осысымен қызық. Аяқ астынан осындай дүние болып қалды. Қайтадан жігерлендім, қайтадан бастадым.» Артур осылайша ақталғанымен, ер жігіт екі сөйлегенін жасырмайды! Иә, өнермен қоштасып, продюсеріне серт берген сері, жеке бизнестің көзін тапқысы келген. Алайда, өнерге деген құштарлық Төлеповтің түн ұйқысын төрт бөлген.
Артур Төлепов – әнші, актер: «Негізі менде бір сондай осы өнер жолынан кетіп, басқа бір жұмыс істейтін деген ой болды. Шыны керек келісім шарттар жүргізіліп, мені жұмысқа қабылдайын деп те жатты. Бірақ, жеме-жемге келген кезде жан дүнием өзгере қалды. Ән айтқым келді, қайтадан түскім келді.
Жыл басында Жігер де «Меломэн» тобындағы жұмысын тоқтатты. Алайда, Ауыпбаевтың бұл шешімін ән әлеміне қатар қадам басқан достары да, продюсері де түсіне алмаған-ды! Бойзбендтен бөлінген Жігердің жеке шығармашылығына экс-басшысының берер бағасы мынадай...
Бауыржан Есебаев – продюсер: «Әндері бір ізді болғаны дұрыс. Не үшін? Себебі бір әні түрікше аударма бір жаққа кетіп жатыр. Бір әні тойдікі, бір жаққа кетіп жатыр. Бір әні достар туралы, бір жаққа кетіп жатыр. Бұл жерде оны халық қабылдай алмайды!»
Ал, кенеттен Кешьюден кеткен Жұлдыз Өмірғали Баянның қол астында қалғанымен, дәл қазір әншілік қыры ақсап тұр. Бикештің вокалдық қабілетіне көңілі толмаған жетекшісі келісім шартты уақытынан бұрын аяқтаған еді...
Жұлдыз Өмірғали – әнші, актриса: «Себебі менің мамандығым бойынша әнші емеспін. көрініп тұрды да. Сондықтан, ортақ шешім қабылдап, сен жүргізушілікке баршы деп айтты. менен жақсы актриса шығады деп айтты...»
Алайда, Жұлдыз киноөндірістегі кәсібімен шектеліп қалмақ емес. Алдағы уақытта «Кешьюдің» бұрынғы мүшесі әншілігін қайтан жандандыруға ниетті...
Жұлдыз Өмірғали – әнші, актриса: «Қазіргі уақытта мен вокал сабақтарына қатысып жүрмін. Қайтадан өзімнің баспалдақтарымнан өзім бастаймын деп сондай ойдамын. Мүмкін болашақта жеке әнші ретінде де көріп қаларсыздар»