НТК арнасындағы «Патруль» телесериалының үшінші бөлімі жарыққа шықпақ. Қазір жоба авторлары күні-түні жаңа сценарий жазу үстінде. Қазақстандық полиция қызметкерлері туралы ең табысты телеөнім бұл маусымда несімен қызықты болмақ? Басты кейіпкерлердің өзінен Серік Ноянбайұлы сұрап көрді.
Патруль телесариалы қазіргі таңда отандық құқық қорғаушылар туралы әзілге түзілген ең сәтті өнімдердің бірі. Бұл туралы оның рейтингі мен танымалдығы айтса керек. Сериалдың актерлары да «Патурль» арқасында біраз игіліктерді көріп, полиция қызметкерлерінің жомарттығы мен кешірімділігіне кәу болған.
Мейіржан Түребаев, актер, сценарий авторы: – Жол ережесіне бағынбайтын болдым. Негізі маған түуге болмайды бұл сериалға. Негізі мен инстаграмда жазамын. Астанаға барсам, Қарағандыға барсам да жазам. Сразу ГАИ жазады кел братан күтіп аламыз деп. Бәрі шақырады.
Көрермендер асыға күткен «Патруль» телесериалының үшінші маусымы осы жылы жарықққа шығады. Қазір авторлары түн ұйқыларын төрт бөліп сценарий жазып жатқандарын айтады. Бұл жолы тың сюжет, жаңа образдар, одан да сәтті әзіл желісі ұсынылады дейді олар.
Мейірхан Шерниязов, актер, сценарий авторы: – Сценарий жазылып жатыр. Локация әр түрлі болуы мүмкін. Алматы, ауыл болуы мүмкін. Оны қарастырып жатырмыз қалай дұрыс болатынын. Түсірілім жазда бұйыртса басталады. Эфирге қыркүйек, қазан айында шығады.
Қазір еліміздегі кез-келген полиция қызметкері жатқа танитын бұл кейіпкерлер жаңа маусымда тағы да түрлі хикаяларды бастан кешірмек. Махаббат, адалдық, әділетсіздік пен кәсіпті сүю мәселелері басты тақырыпқа айналады.
Мейіржан Түребаев, актер, сценарий авторы: – Жаңадан екі, үш адам келеді. Бастығымыз жұмыстан шығып кетеді. Үшінші маусым жақсы болайын деп жатыр. Екінші маусымға қарағанда күлкі болады. Бір, екі серияны ауылда түсіру ойымызда бар.
Әлеуметтік желілерде, инстаграмда «Патруль» сериалының сәтті үзінділерін жұрт әлі де қайталап көруге бар. Мұндай жетістік сериалдағы оқиғалардың шынайылығы деп біледі актерлар. Экранға, өз бастарынан өткен жағдайларды да шығарады екен.
Мейірхан Шерниязов, актер, сценарий авторы: -Қызықты неше түрлі жағдайлар болады. Кейіпкер дамиды. Негізі көп оқиға өмірден алынған, біраз адам менің ақкөңілдігімді пайдаланып кеткен кездеру болды.
Жуырда НТК арнасынан мыңдарға сүйікті болған «Патруль» сериалы сіздермен қайта қауышады. Әзірге авторларға жемісті жұмыс тілейміз.