Қазақ эстрадасы Қыдырәлі мен Қарақаттың қызына есім таңдап, өз үлестерін қосуда
18.05.2017
Жуырда ғана қызды болған Қыдырәлі күні кеше жұбайы Қарақат пен сәбиін перзентханадан шығарып алды. Бірақ, бұрымдының дүниеге келгеніне 5 күн өтсе де, жұлдызды жұп есім таңдап үлгермеген көрінеді. Ал, олардың қуанышына ортақ әріптестері ат қоюға асық.
Төрт ұлдан кейін, қызды болған Қыдырәлі мен Қарақаттың қуанышына өнердегі әріптестерімен қатар, ет-жақындары түгелдей дерлік жиналған. Көптен күткен кестетігерін перзентханадан шығарып алу рәсімінде Болманов еш нәрседен аянып қалмаған. Аяқ-қолын бауырына алған ана мен дүниеге келген қызғалдағына арнап ақ кілемше төсеп, әппақ раушан гүлдерімен құрмет көрсеткен. Бірақ, бір қызығы Болманов бұрымдысына есім қоймаған. Ал, әріптестері жаңа туған нәрестеге ат қоюға асық.
Мирас & Құралай, әнші:
- Қыдырәлі мен Қарақат қыздарының атын «Ханшайым» деп қойғаны әдемі болатын сияқты. Себебі 4 батырдан кейін сондай ханшайым дүниеге келіп, өзі сол еркесі болады. Оның үстіне үйінің ханшайымы, үйінің еркесі, үйінің әдемісі деп.
Айдар Тұрғанбек, «Жігіттер» тобының әншісі:
- Рабиға деген ат ұнайды маған. Робия дейді... Негізі Робия деген сөзден шыққан. Робия деген кезінде өте керемет, иманды, тақуа қыз өткен. Қазақтар соның есімін Рабиға деп кеткен.
Ал, өнер өлкесіндегі өзге өнерпаздар Қыдырәлінің қызына өз есімдерін қою туралы ұсыныстарын білдіріп жатыр.
Шаһизада, әнші:
- Шаһизада деп қойса жаман болмас еді деп айтар едім. Шаһизада деген негізі ескі есім екен. Менің естуімше «Шах», «Зада» деп естуімше Шах – патшаның қасындағы адамдар, Зада – көмекшілері емес, советник дейді ғой сондай мағынада...
Жанболат & Жазира, әнші:
- Жазира да жақсы ат! Өйткені, Жазираның ішінде алма да бар, жүзім де бар, қарақатта бар. Кең дала, қызғалдақта бар, гүлде бар. Ауқымы кең менің атымның.
Бірақ, Болмановтың өз жоспары бар көрінеді. Қыдырәлі қызының есімін қырқынан шыққанға дейін құпия ұстауды жөн деп шешкен. Ал, сәбидің салмағы 2 килограм 820 граммды құраса, бойы 52 сантиметр!!!