Алматы əуежайына жаңа терминал салу қажет пе?
16.05.2017
Алматыда жаңа əуежайдың салынуы билеттер бағасының өсуіне əкелмек. Бұл осы мекеменің пайымы. Екінші тарап оңтүстік астанаға жаңа əуе терминалы қажеттігін айтады. Бұл тақырыпты Серік Ноянбайұлы зерделеп көрді.
Алматы қаласының әуе бекеті еліміздегі, әрі орталық Азиядағы ең үлкен әуежайлар санатында. Қазақстанда 2015 жылы әуе арқылы 12,1 млн жолаушы тасымалданған екен, оның 5 млн. яғни 42% Алматы арқылы ұшқан. Салыстырмалы түрде Ташкент әуежайы сол жылы 2,9 млн адам қабылдаған.
Қуат Домбай, қоғам белсендісі:
– Егер Алматыда жаңа терминал емес, жақсы үлкен аэропорт салынса ол болашақта қаланы Дубай сияқты дамытатын объект болады.
Былтыр 180 млн. Қытай азаматы шет елге барып қыдырыпты. Бұл көрсеткіш алдағы бес жылда екі есеге өседі деп болжануда. Қытайдан, Азия елдерінен ұшатын рейстердің Алматыға аялдау арқылы Еуропаға бет алуы біздің әуежайымызда қалатын қыруар ақша дейді Қуат Домбай.
Қуат Домбай, қоғам белсендісі:
– Транзиттік туристерге бірнеше жағдай жасау керек. Ол ең алдымен транзиттік залдарды құру керек. Мұндай мүмкіндіктер Алматы әужайында жоқ.
Алматы әуежайы өз мүмкіндігінің тек 30-40 пайызын ғана пайдаланып отыр дегенмен тәуелсіз сарапшылар келіспейді. Жаңа аэропорт қосымша әуебағыттары мен нарыққа жаңа әуекомпанияларды тартуға серпін болмақ деп күтілуде.
– Мен Алматыға осымен сегізінші мәрте келіп отырмын. Әуежайда жолаушылардың кептелісін, олардың кезек күтіп тұрғанын байқамаппын. Дегенмен, халықаралық ұшуға арналған аймақтар меніңше тарлау.
– Алматы менің сүйікті қалама айналды. Жиі келемін. Өзім Красноярск қаласынанмын. Қазір Новосибирск қаласы арқылы ұшып келдім, оның жаңа әуежайы қатты ұнады. Алматыға да сол секілді терминал керек.
Алматы әуежайы жолаушылардың тығыздығы бойынша ТМД көлемінде төртінші сатыда. Бұл көрсеткіш жыл санап өсіп келеді. Транзиттік туристер мен ішкі тұтынушылар үшін Алматы әуежайының маңызы осылай арта түсуде.
Қуат Домбай, қоғам белсендісі:
– Транзиттік туристердің саны 67 пайызға өскен. Олар ең алдымен ресейліктер, украиндықтар Азияға барғаны, Үнділер мен қытайлардың Еуропаға барып жүргендері туристер.
Алматыда жаңа әуежайдың бой көтеруі ұшақ билетінің құнына аса ықпал жасамауы қажет. Бұл тұста әр әуе компанияның өз баға саясаты рөлге ие болатыны түсінікті.