Қытайдағы қазақ баласына деген қошеметті Майра Ілиясова көзбен көріп қайтты...
06.03.2017
7-ші айналымда «Дайдидауды» орындаған Димаш қазақ халқының мәдениетін әлемге тағы бір мәрте паш етті. Бұл кезеңде отандасымызды Астанадан арнайы барған фальклорлы ансамбіл сүйемелдеген болатын. Ал, аталмыш өнер ұжымына жетекшілік еткен Майра Ілиясова қазақ баласына деген құрметтің қандай екенін көзбен көріп қайтты...
Майра Ілиясова, әнші:
- Біз, келіп кіріп келген кезде, Димаштың қуанғанын көрсеңіздер... Халқымды сағындым, елімді сағындым. Мына домбыраның үнін сағындым. Қобызды сағындым, жалпы достарымды сағындым...
Аспан асты елінде Қазақстанның намысын қорғап жатқан Димаштың туған жеріне деген сағынышы дәл осындай... Майра Ілиясова жанына 7 шәкіртін ертіп, Қытайдағы ән додасында бақ сынап жатқан қазақ баласын қолдауға барған.
Димаш Құдайбергенов, әнші:
- Қазақтың халық әні «Дайдидауды» орындап бергім келеді. Бізде жалпы қазақтың әрбір баласы міндетті түрде домбыра тартуы керек. Өйткені, ол туынды – тарих! Тарихымызды жақсы көру керекпіз. Бүгін қазақтың халық әні орындалады. Сол себепті үлкен арманым, үлкен мақсатым орындалып жатыр.
7-ші айналымда «Дайдидауды» орындаған әнші бұл кезеңде ұлттық құндылықтарымыздың барлығын көрсетуге барынша тырысып бақты. Құдайбергенов ұлттық нақышта киініп, Құрманғазының «Адай» күйін құйқылжытып, домбыра аспабымен миллиардаған жүректерді жаулағаны тағы бар...
Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада қытайлық түсірілім тобы Қазақстанға келіп, Димаштың дара жолы жайлы бейнематериал жасаған болатын. Аталмыш сапарда Арыстанбек Мұхамедиұлы да қос елдің мәдени қарым-қатынасына жоғары баға берген-ді...
Арыстанбек Мұхамедиұлы – ҚР Мәдениет және Спорт министрі:
- Сіздердің Димашқа деген ерекше құрметтеріңіз, әрине ол біздің екі ел арасындағы қарым-қатынасқа міндетті түрде ықпал ететіні сөзсіз. Біздер, Қазақстан үшін өте үлкен қуаныш болды...
Майра Ілиясова, әнші:
- Бәрінің таңқалып жатқаны, бұл неткен дауыс. Бұл қайдан келген әнші, бұл дауыс қалай? Мынадай дауыс болады ма адамда? Бұл керемет деген көп пікірді естідік. Және өз көзіммен көріп маған ұнағаны, кәдімгі «ГРЭММИ» оркестрі бар ғой дүние жүзінде мен деген ең үлкен жұлдыздар айтатын оркестр...
Дайдидаумен үшінші орынды енгшілеген Димаш, бүгінде 9-шы айналымға қызу дайындық жүргізіп жатыр. Жүзден жүйрікті кубоктар санымен анықтайтын «Ай эм сингер» жобасында жерлесіміз жалпы есепте бірінші орында тұр...