Мені ұмыт! Айдана Меденованы мазалап жүрген кім?

Сообщить о проблеме с эфиром
Айдана Меденова да Мэрайя Кери сынды, жаңа клипін баянсыз махаббатқа арнапты. Әр бейнебянында түрлі образға еніп, бірнеше локация ауыстыратын әнші, бұл жолы қалтасын жұқартып әуре-сарсаңға түспеген сынды. «Ұмыт!» деп ататалатын жаңа видео дауыс жазу студиясында акустикалық нұсқада ұсынылған. Аталмыш тректің авторы Бауыржан Бимахан. Бір қызығы, өткен жылдың қаңтарында түсірілген бейнебаян, бір жылдан кейін жарыққа шығып отыр. Әннің мәтіне зер салсақ, Айдана тағдырлары тоғыспаған қос ғашықтың мұңын жырлайды.