Меруерт пен Жадо арасындағы жанжалға нүкте қойылды! Кім жеңіске жетті?
27.02.2017
Соттың 7-ші отырысында Меруерт пен Жадо алғаш рет жүздесті. Өткен жылдың желтоқсанында басталған жұлдызды жанжалға, дәл бүгін нүкте қойылып отыр. Ал, қос тарап қандай шешімге келді? Жеңіс кімде дейсіз ғой?!
Меруерт Түсіпбаева, әнші:
- Бұрын мен олай істемейтінмін. Қазір мен қуыстанамын. Әрдайым бір жерге барсам, аяқ киімім дұрыс па, не істеймін деп қуыстана бастадым. Қуыстанып, осы сөз маған сонша әсер етті, менде «комплекс» пайда болды.
Түсіпбаеваны «талғамсыз» деп кінәлап, отандық бағдарламалардың біріне сұхбат берген Жадо, әншіні осындай күйге дейін жеткізген көрінеді. Алайда, тосыннан келген сынға, Меруерт те қарап қалған жоқ. Әлеуметтік желі арқылы Жадыраға тіл тигізіп, толықтығын бетіне басқан-ды. Дүйім жұртқа жария болған жазбадан кейін, Сахиева сотқа шағым түсіріп, қос тарап 7-ші кездесуде ғана бір шешімге келді. Жадо «кісілігіме, кішілігім сай» деп, кешірім сұрады.
Жадо, сәнгер:
- Мен кешірім сұраймын Меруерт ханым, бірінші бастағаныма, кешіріңіз...
Меруерт Түсіпбаева, әнші:
- Бірінші бастаған Жадыра Сахиева! Бірінші бастаған Жадыра Сахиева кешірім сұраса, сұрады! Менде екінші болып кешірім сұраймын. Жадыра Сахиевадан кешірім сұраймын.
Иә, демек бір-бірінен 20 миллион талап еткен Сахиева мен Түсіпбаева, қалталарынан қаржы шығармайтын болды. Ал, жұлдызды жанжалдың басты кейіпкері Жадыра, бұдан былай сот залына бас сұқпауға бекініп отыр.
Жадо, сәнгер:
- Бәріне айтарым, әйтеуір ауызбіршілік болсын. Мұндай соттар болмай-ақ қойсын. Мен тек Меруерт ханым келсінші дедім ғой.
Ал, үш айға жуық қарсыласқан қос тараптың қорғаушылары да, сәнгер мен әншінің бір шешімге келгеніне дән риза.
Жұмат Әбенов, Жадоның адвокаты:
- Бейбіт келісім деген, жеңіс деген осы. Бұл жерде біреу жеңіп, біреу жеңілу емес, екі адамда бірдей жеңді деп ойлаймын. Әрқашанда осындай бітімге келуге тырысу керек.
Қолқанат Қабанбаева, М. Түсіпбаеваның адвокаты:
- Мұндай жағдайда іс қысқарады. Мүлдем енді іс болмайды. Иә, жабылады.
Ал, Меруерт ханым, сот отырысынан кейін, емханаға асықты...