Валерий Задарновский «Рингоның» бейнебаянындағы кадрларға неге жиендік жасады?

Сообщить о проблеме с эфиром
Әндерімен жасөспірімдердің санасын улап жатқан Скриптонитті неге пір тұтады? - дейді Валерий Задарновский. Режиссердің пікірінше, Әділ Жәлелов әлі қалыптасып үлгермеген жеткіншекті, әндерімен нашақорлыққа, жеңіл жүріске үгіттейді екен. Скриптонит бүгінгі бозбала мен бойжеткеннің әлсіз тұсын әніне қосып, мен құптамайтын дүниелерді насихаттайды, дейді кіші Задарновский. Сондықтан сын айтқанда көпшілік режиссерді көреалмаушылық танытқандар қатарына қосып, рэпер арқылы өзін жарнамалауға ниеттенді деп айыптағанды. Валерий Задарновский, клипмейкер, «Wazabi» тобының негізін қалаушы: – Негізі, оның музыкасына, бейнебаянына мін тақпаймын. Бұрын, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді көтеретін. Бүгінде, әр туындысында есірткі мен ішімдікті насихаттап, жеңіл жүріске үгіттеп жатқанына қарсымын. Себебі, нарықта осындай тақырыптарға сұраныс барын біліп алған. Осындай салмақты пікірден кейін сапалы дүние жасау міндетім, деп сендірді. Жылына бір ғана бейнебаян ұсыну коммерциялық тұрғыда тиімсіз екенін де жақсы түсінеді. Бірақ, қағидама қарсы шыға алмаймын дейді режиссер. Сондықтан да, тұсауын кескен туындысын бірнеше жыл бойына таспалаған. Валерий Задарновский, клипмейкер, «Wazabi» тобының негізін қалаушы: – Өзің үшін таспалаған дүние, әрдайым жақсырақ шығады. Толыққанды еркіндік болғандықтан, бар идеяңды топтасытырып, әрбір кадрдың сапалы түсірілуіне мән бересің. Әншілер әдетте дедлайн белгілеп, жұмыстың тезарада аяқталғанын талап етеді. «Wazabi»-дің бұл туындысы әріптестеріне де түрлі ой салған сынды. Әли Оқапов, әнші: – Бұдан бұрын ешкім көрмеген кадрлар ерекше болды. Тіпті, «Ринго» тобының бейнебаянынан да біз көрмеген үзінді болды. Жеңісхан, клипмейкер: – Валерий Задарновский деген өте талантты бала. Клип та, кино да, сериал да түсіреді. Соның ішінде, кішкене бірге алып жүрген музыкасына риза боламын. Кемшілік жоқ, өйткені бұл бейнебаянда бәрі ақша үшін емес. Достық бар, қуаныш бар, бірлік бар. Задарновскийдің ендігі мақсаты үлкен экраннан көріну!