Ширек ғасырда біздің фэшн өндірісте дүмпу салғандары қайсы?
13.12.2016
Тәуелсіздіктің 25 жылдық торқалы тойы аясында Ревю әр саладағы жетістіктерді саралауды әрі қарай жалғайды. Бұл жолы фэшн өндіріске ден қойдық. Кез-келген сәнқой бұл саланың әлдеқайда өрлегенін растайды. Дегенмен, ширек ғасыр отандық сәнді де тәуелсіз ете алды ма? Өзгеге еліктемей, өзіндік қолтаңба қалыптастыра алған дизайнер кім?