Детокс – қаржыны желге шашумен тең бе? Пайдасы мен зиянын таразылап көрейік
24.10.2016
Сән сахнасындағы сылқымдарға еліктеп, арықтауға кіріскен арулардың ең әуелі жүгінетіні детокс ем-дәм. Дегенмен, қыруар қаржы жұмсап, мұндай тәсілмен ағзаны тазарту дұрыс шешім бе? Мамандар, зиянды қалдықтармен тағамның көмегенсіз-ақ, ағза күресуге қауқарлы дейді! Расымен, біз детокс өнімдер жайлы жарнаманың құрбаны емеспіз бе?