Moonlight тобы туралы

      Рэппері жоқ q-pop тобы бола ма екен? Шаштары неге боялмаған? Құлақтарындағы сырғалары қайда? Ән бар, ал би жоқ па сонда? Тойларға да шығады ма? Q-pop тобы екеніне сенімдісіз бе?  Q-pop туралы барлық  таптаурындарды жоққа шығарытын талантты бойз-бэндті қарсы алыңыз – Moonlight тобы
       Moonlight – сахнаға алғаш шығуы (дебюті) 2016 жылдың 16 қыркүйегінде болған GM Entertainment продюсерлік орталығының  тобы.  Алғашқыда топ құрамында Азамат Қабылов, Ерік Төленов, Еркехан Абдолдаев және Руфат Үсенов болды. 2017 жылдың мамыр айында жігіттерге Ансат Ділдабай қосылып, топ құрамын жаңартты. Әртісттердің пайымдауынша, q-pop атты жаңа музыкалық бағытта топқа немесе жеке әншілерге орнатылған белгілі бір талаптар жоқ. Q-pop – бұл өз кезегінде ауқымды субмәдениетке айналатын Қазақстанның заманауи әуені. Квинтет өз музыкасын танымал кәрістің поп әуеніне теңемейтінін айтып кету жөн болар. 2018 жылдың тамыз айында жігіттер Ерік Төленовтың топтан шығуы туралы мәлемдеме жасады. Қазіргі таңда топ құрамы төрт жігіттен тұрады. Сонымен қатар, жігіттер продюсерімен де қош айтысып үлгерген.

      "Tokyo"  атты алғашқы әндері 2016 жылдың 16 қыркүйегінде жарыққа шықты, ал осы әнге түсірілген бейнебаянның тұсаукесері 2017 жылдың мамыр айында кесілді. Жаңа музыкалық коллектив бірден көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, өздерінің «Айкезбелер» атты жанкүйерлер армиясын жинап та үлгерді. Осы жылдың тамыз айында  «Qasymda bol» атты трегіне бейнебаян түсіріп, «айкезбелерді» бір қуантқан болатын, ал 2017 жылдың 12 қарашасында «Есентай Молл» сауда орталығында топтың фан-митингі өтті. Кездесу кезінде жанкүйерлер сүйікті әншілерімен тілдесіп, көкейіндегі сұрақтарын қойып та үлгерді. Сонымен қатар, топ «Kiss» атты әніне түсірілген су жаңа бейнебаянын ұсынды. Айта кететін бір жайт, осы күнге дейін өз жұмыстарының барлығын, яғни 4 бейнебаянын, жігіттер шетелде түсірілген. Оған басты себеп – Қазақстандағы мамандар санының аздығы мен көзқарасы жігіттермен сәйкес келетін білікті мамандардың жұмысбастылығы болып табылады. Төрт күнге созылған соңғы жұмыстарының түсірілімі Қырғызстандағы Ыстықкөлде өткен болатын. Бейнебаян режиссері – жас, бірақ өте талантты маман – Бекентай Әжібеков. Бас қоюшының айтуы бойынша, түсірілім кезінде ешқандай қиындықтар болған жоқ. 
      Топтың 2018 жылға біраз жоспарлары бар. Жігіттер 15 әннен тұратын өздерінің алғашқы үнтаспаларын келесі жылдың көктемінде жарыққа шығармақ. Квинтет түрлі жанрдағы музыканы тыңдайды: роктан классикаға дейін, сондықтан алғашқы альбомдары да түрлі стильдегі әуендерді қамтитын болады. 
      Moonlight тобы солисттерінің айтуы бойынша, жігіттер айытылған сынды дұрыс қабылдай алады, бірақ өздерін басқаларға үлгі ретінде санамайды. Осыдан байқағандай, жігіттер «жұлдыз ауыруына» шалдыққан емес. Жас әншілер әлі өздері де тәжірибе жинап, оқу үстінде, алайда кіші буынға ақыл-кеңесін беруге, демеп-көмектесуге және тәжірибесімен бөлісуге әрқашан дайын. Мүмкін, хэйтерлердің жоқтығы осыдан болар? Той-бизнеске келетін болсақ, жігіттердің оған қарсылығы жоқ, алайда тек өздерінің әндерін айтатынын мәлімдеді.Көп уақытын оқу, жұмыс және ән жазумен өткізетіндіктен, әртістердің бос уақыттары көп емес. Бір анығы, Moonlight шығаратын өнім топтың өзімен жасалады. 

 

Ділдабай Аңсат Рахымберліұлы

Туылған күні: 18 қыркүйек 1993 жыл
Ұлты: қазақ
Зодиак белгісі: бикеш
Бойы: 183 см
Салмағы: 73 кг
Отбасы: ата-анасы, екі ағасы 
Сүйіп тыңдайтын әншісі: Michael Jackson, Chris Brown, Justin Timberlake, Johnny Depp, Will Smith, Conor McGregor, Jackie Chan, Michael Jackson
Талант: футбол ойнайды, кәсіби деңгейде би билейді, сурет түсіреді
Бос уақытында: спортпен шұғылданады, ән жазады,  жақсылап тамақтануды ұнатады
Мінсіз қыз бейнесі: шашы қысқа, креативке жақын, ізденісі бар, көңілі таза, өзі секілді жаны тазылықты ұнататын қыз

 

 «Жігіттермен достығымызға 7 жыл болды. Бірге ән жазамыз, тоқтамаймыз. Егер мен еңсемді түсерсем, олар мені қолдап, күш-жігер береді».

      Ансат 18 қыркүйек 1993 жылы Шымкент қаласында дүние есігін ашты. Бас кезінде музыка мен шығармашылыққа деген ешқандай  ынтасы болмай, уақытын балалармен бірге күні бойы далада футбол ойнаумен өткізген.  Өмірдегі жарқын сәттерінің бірі – балалық шағында бутсы сатып алу үшін әкесімен спорт дүкеніне баруы. Бір жылы қатты сырқаттанып, төсек тартып жатып қалды. Ансаттың айтуы бойынша, дәл сол кезден бастап музыкаға деген ынтасы пайда бола бастады: әлем жұлдыздарының концерттері мен бейнебаяндарын көріп, өзі де ән айтып, би билей бастады. Футбол немесе музыка арасында таңдау тұрған кезде, Ансат соңғысын тайсалмай таңдады. Бірақ бос уақытында футбол ойнауға қарсы емес. Кейде таңдау туралы ойлар мазалағанда, Ансат бірден өмірдің қиын сәттерінде оған демеу болатын бауырлары мен ағаларын еске алады.  
      Сондықтан сізге айтарымыз – ауырсаңыз да, уақытыңызды пайдалы өткізіңіз. Мүмкін, Ансат секілді өз жолыңызды тауып, сіздің де бағыңыз ашылар. 

 

Үсенов Руфат Заирович


Ұлты: әкесі – ұйғыр, анасы  – татар
Зодиак белгісі: суқұйғыш
Бойы: 178 см
Салмағы: 75 кг
Отбасы: ата-анасы, бауыры
Сүйіп тыңдайтын әншісі: Michael Jackson, John Legend, Michael Bubble
Тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Хобби: би, сурет және видео түсіру, тауға шығу, балық аулау, скейтборд тебу 
Мінсіз қыз бейнесі: өмірге деген көзқарасы замануаи, шаруашыл қыз, сары қыздарды ұнатады.

     «Өнер жолы өте қиын. Сахнаға шықтың ба – енді ел назарындасын. Сондықтан өзіңді дұрыс ұстауға үйретесін».

      Топтың кенжесі мен келбеті – Руфат 1995 жылы Алматы қаласында дүниеге келді.  Ерік секілді басында ата-әжесінің, одан кейін нағашы жұртының қолында тәрбие көрді. Мектеп табалдырын аттаған кезде бала тәрбиесіне әкесі кірісті, қазіргі күнге дейін ол Руфат үшін үлгі тұтарлық тұлға. Балалық шағында Руфат музыкамен айналыспады: достары далада ойнап жатқан кездерінде, ата-анасы үйінде оған сабақ оқытқыздырған. Әртістің айтуы бойынша, оның музыкаға деген ұмтылысы әрқашан болған, бірақ оны көрсетуге мүмкіндігі болмады. 6 сыныпта әншінің өмірінде өзгерісті кезең орын алды – оның әкесі қайтыс болып, ерте есейген Руфат өз жолын іздей бастады. Уақыт өте келе оны тауып, өзінің әуелетін қалай жүзеге асыруын білді.      
      Жас әнші үшін тұлғаның басты қасиеттердің бірі –  өзіне және басқаларға деген адалдық. Ширақ, әрқашан ізденісте болатын жандарды Руфат жақсы көреді. Сондықтан егер де өзініңдің сүйікті әншіңізге ұнағыңыз келсе, бір орында тұрмай, дүниетанымыңызды арттырып, ізденіп жүріңіз. 

 

Абдолдаев Еркехан Әділханұлы 

Туылған күні: 16 қазан 1993 жыл
Ұлты: қазақ
Зодиак белгісі: таразы
Көзінің түсі: қоңыр
Шашының түсі: қара
Бойы: 174 см
Салмағы: 62 кг
Отбасы: ата-анасы, әпкесі, қарындасы мен ағасы
Сүйіп тыңдайтын әншісі: Hillsong, 30 second to mars, dr.Dre, Hans Zimmer, Will Smith, Conor McGregor, Jackie Chan
Тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Хобби: би, сурет және видео түсіру, тауға шығу, балық аулау, скейтборд тебу 
Мінсіз қыз бейнесі:  оны қадірлеп, түсінетін ақылды қыз


«Кішкентай кезімнен бастап әкем әртіс болмай-ақ қой, әртістің жолы қиын дейтін. Неге қиын екенін мен ол кезде түсінбейтінмін, себебі танымал болу жақсы ғой. Сөйтсе, олай емес екен».

      Еркехан 16 қантар күні 1993 жылы Талған қаласында музыкалық отбасында дүниеге келіп, тәлім-тәрбие алған. Отбасында ағасы екеуіне әрқашан үлгі болып жүретін   – әкелері. Кішкентай күннен бастап Еркехан әнші болуды армандаған, алайда әртістің жолы қандай ауыр екенін өз басымен түсінген әкесі оған басқа жолды таңдауды ұсынған. Еркеханның айтуы бойынша, олай деп неге екенін қазір түсініп отыр. Әрбір өнер жолында жүрген адам ішіндегі лаулаған отын, жан-дүниесін әлемге көрсеткісі келіп, өз-өзімен қиналады. Мүмкін, бұл себепті әнші бос уақытын тыныштықта өткізуді ұнатады? 
Еркеханның музакалық талғамына келетін болсақ, жас әншінің плейлисті көбінесе классикалық туындылардан тұрады: С. Бах, Л. Бетховен, Ф. Шуберт, Ф. Лист. Ал новаторлардың ішінде әлемге белгілі Dr. Dre мен оның тобын ұнатады. Композитор ән жазудан бөлек, оның аранжирлеушілігімен де айналысады. Топтың дарынды солисті домбыра, фортепиано, гитата мен соқпалы музыкалық аспатарда ойнайды.  

 

Қабылов Азамат Әділханұлы

Туылған күні: 13 сәуір 1992 жыл
Ұлты: қазақ
Зодиак белгісі: тоқты
Көзінің түсі: қоңыр
Шашының түсі: қоңыр 
Бойы: 174 см
Салмағы: 62 кг
Отбасы: ата-анасы, әпкесі, қарындасы мен інісі
Сүйіп тыңдайтын әншісі: McKnight, Chris Brown, Zayn, Bruno Mars, N'sync, LP, The Wanted, Arnold Schwarzenegger 
Тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Сүйікті фильмдері: «Я легенда», «Война миров Z», «Ходячие мертвецы»
Мінсіз қыз бейнесі:  сыртқы келбеті және ішкі жан-дүниесі әдемі, қарапайым және пысық қыз

«Бүгінде алға қойған мақсаттарым мен жоспарларым бар. Осы топпен толағай жетістіктерге жетсек деген ойдамын. Содан басқа не керек?!»

      Топтың ең сабырлы және ең жуас қатысушысы – Азамат 1992 жылдың 13 сәуірінде Талғар қаласында дүниеге келді. Бәлкім, біреулер білмейтін шығар, Азамат пен Еркехан бір отбасыдан шыққан туған ағалы-інілі бауырлар. Отбасылық дәстүрді сақтап, өнер жолын қуды. Азамат 2016 жылы ата-анасы бітірген «Эстрадалық вокал» мамандығы бойынша Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжін тәмадады. Еркехан классиктерді ұнатса, Азамат заманауи батыс әуеніне жақын. Оны сүйіп тыңдайтын әншілерінен білуге болады: Брайан Макнайт, Ашер мен Крис Браун. Бала кезінен музыканы «бақыртып» естегенді жақсы көріп, топта өнер көрсетуге армандаған. Алғаш рет «One direction» тобын көрген кезде, оның ынтасы одан бетер күшейіп, сол топ сияқты қазақстандық сахнада да жұлдыздар болса да ғой деп армандайтын. Жас таланттың алдына қойған мақсаттары мен мүдделері бар. Олардың бірі – топ жігіттерімен бірге үлкен жетістіктерге жету.  Бос уақытында спортпен шұғылданады, тауға шығады, топтың басқа қатысушылары секілді өлең жазады.