Black Dial тобы сахнаға қайта оралады!

Сообщить о проблеме с эфиром

    Ravens, сүйінші! Үнсіздікке кетіп, тыңдармандарын ұзақ күттіріп қойған Black Dial тобы жақын арада сахнаға қайта оралады! 
    Black Dial тобы:
     - Бізде жаңалық, бұйырса, алдағы уақытта клип болады. Дайындалудамыз. Камбэк. Әзірше нақты уақыты белгісіз, оны белгілеген жоқпыз. Бірақ жақында болады. 
    Әннің атауын да құпия қалдыруды жөн көрген жігіттер қазір қызу дайындық үстінде. Оған қарамастан,  Есболат Беделханның шәкірттері жанкүйерлерін ұмытпай, кездесуге уақыт бөледі екен. 
    Black Dial тобы:
    - Жиі деп айта алмаймыз, бірақ кездесулер болып тұрады. Y.B. Entertainment орталығы би мектебін ашқан болатын,  сол кезде жүздестік.
    Tachi:
    - Арна деген қыз маған  «451 градус по фаренгейту» деген кітапты сыйлады. Сол кітапты оқып бітірдім, ұнады. «Над пропастью во ржи», «Виноваты звезды», «Девять рассказов» кітаптарын оқыдым.
    Ал топтың кенжесі KenG кітапты көп оқымайтынын ашып айтты. Тіпті соңғы оқыған кітаптың атауын айтуға ұялды. Қай кітап болуы мүмкін?! 
     Ray:
    - Адамның әр нәрсеге шабыты келеді ғой. Сол сияқты кітапқа да өзінің уақыты болады шабыты келетін. Сол кезде оқып тұрамыз. Tachi көптеген кітаптарды оқиды. KenG екеуміз шабытымыз келгенде оқимыз. Менің жақсы көретін жазушым – Шыңғыс Айтматов. «Қызыл алма», «Жәмиля», романдар жинағын оқыдым.
    Осыдан бірақ уақыт бұрын «Newton" тобымен ұрысып қалды деп жанкүйрелер шу шығарған. Бүгінде екі топтың бір-бірімен қарым-қатынасы қандай? 
     Black Dial тобы:
    - Біз ұрысқан емеспіз, негізі. Ол сондай сыбыс. Негізі, арамызда ұрыс-керіс болған емес. Сол кездерден бастап біздің ара-қатынасымыз жақсы. Бір толқында жүргеннен кейін, арамызда ондай кикілжің болған емес. Сол себепті бәрі жақсы. 
    Қазіргі таңда қоржынында екі өлеңі бар Black Dial тобы басқа әртістермен бірлесіп,  ән шығаратын ойы әзірше жоқ. Бірақ, бәрі болуы әбден мүмкін дейді жігіттер. Бастысы, жігіттер өздерінің өнерлерін дамытып, сахнаға оралуға дайын! Ал сіз топтың оралуын тағатсыздана күтудесіздер ме?